| Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
| Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
| Көшеров Даир Әділбекұлы |
| Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
| Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
| Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Қызметкерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, сондай-ақ тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Компания еңбек ұжымдарының қажеттіліктерін жүйелі түрде анықтап, соның ішінде IR-скрининг нәтижелерін ескере отырып, өндірістік нысандардағы еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруда.

«Біз тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайларды жасауды белгіленген талаптарды орындау ғана емес, қызметкерлерімізге деген қамқорлықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі: біз нысандардың жай-күйін талдаймыз, басым міндеттерді айқындаймыз және қажетті жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз. Біздің мақсатымыз — қызметкерлерге қолайлы, қауіпсіз әрі тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету», — деп атап өтті «Интергаз Орталық Азия» АҚ өкілдері.

Күрделі салымдар жоспары аясында компанияның алты өндірістік филиалында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, олар «Ақтау» МГБҚ, «Атырау» МГҚБ, «Орал» МГҚБ, «Ақтөбе» МГҚБ, «Қостанай» МГҚБ және «Шымкент» МГҚБ филиалдары. Жұмыстар жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін, жөндеу-пайдалану және қызметтік-пайдалану блоктарының ғимараттарын, сондай-ақ жатақханаларды жөндеуді қамтиды.
«Шымкент» МГҚБ филиалында жұмыстар толық көлемде орындалып, 100%-ға аяқталды. «Атырау» МГҚБ және «Орал» МГҚБ филиалдарында жоспарланған жұмыстар көлемінің 40%-дан 90%-ға дейінгі бөлігі орындалды. «Қостанай» МГҚБ, «Ақтау» МГҚБ және «Ақтөбе» МГҚБ филиалдарында бұл көрсеткіш шамамен 40–50%-ды құрайды. Аталған филиалдарда іс-шараларды іске асыру жоспарға сәйкес жалғасуда.

Жұмыс орындарындағы санитариялық-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ерекше назар аударылады. Жоспарланған іс-шаралар аясында тұрмыстық үй-жайларды, душ бөлмелерін, киім ауыстыратын бөлмелерді және санитариялық тораптарды жөндеу әрі жаңарту көзделген. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстарды орындау бойынша сатып алу рәсімдері мен дайындық жұмыстары жалғасуда.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қызметкерлердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ компанияның өндірістік филиалдарында тиісті еңбек жағдайларын жасауға бағытталған.
2026 жылдың соңына дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ санитариялық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша жоспарланған іс-шараларды аяқтауды көздейді. Қолайлы әрі қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі негізде жалғастырылады.
|
29.09.2026
«АҚЫРТӨБЕ» ЖЕРАСТЫ ГАЗ ҚОЙМАСЫНА — 40 ЖЫЛ
Әрі қарай оқу
|
|
22.09.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «ҮЗДІК МАМАН-2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
|
18.09.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДАҒЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Әрі қарай оқу
|
|
23.07.2026
QAZAQGAZ ЖЕРАСТЫ ГАЗ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮҒА ДАЙЫН ЕКЕНІН РАСТАДЫ
Әрі қарай оқу
|