"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «ҮЗДІК МАМАН-2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
22.09.2026

               «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да («QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы) жұмысшылардың жыл сайынғы «Үздік маман-2026» кәсіби шеберлік байқауы өтті.

«QazaqGaz» компаниясының басты ресурсы — адамдар. Сондықтан біз үшін жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау ғана емес, қызметкерлеріміздің дамуына, жаңа білім алуына және кәсіби тұрғыдан өсуіне мүмкіндік беру де маңызды. Біз барлық еншілес компанияларымызда кәсіби шеберлік байқауларын тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Бүгін мұнда «Интергаз Орталық Азия» компаниясының «Үздік маман» байқауы өтіп жатыр. «Бұл қызметкерлер үшін жақсы мотивация, өз шеберліктерін көрсетуге, тәжірибелерімен бөлісуге және еңбектерінің бағаланатынын сезінуге мүмкіндік береді. Біз қызметкерлеріміздің компания ішінде кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндіктерін көргенін қалаймыз. Өйткені адам қолдауды сезініп, өз еңбегінің маңызды екенін түсінген кезде, ол өзіне деген сеніммен жұмыс істеп, нәтижеге жетуге бар күш-жігерін салады. QazaqGaz өз қызметкерлеріне қамқорлық жасайды, өйткені компанияның нәтижесін қалыптастырып, оны алға жылжытатын — дәл осы адамдар», — деп атап өтті «QazaqGaz» ҰК» АҚ Аппарат басшысы Берік Ермаханов.

Биыл газ тасымалдау саласындағы негізгі жұмысшы кәсіптері бойынша үздік маман атану үшін 98 қызметкер бақ сынады. Әрбір қатысушы өз өңірлік өндірістік филиалында алдын ала іріктеу кезеңінен өтіп, кәсіби даярлығының жоғары деңгейін көрсетті.

Екі күн бойы байқауға қатысушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, кәсіби білімдері мен өндірістік операцияларды қауіпсіз орындау дағдыларын, өз бетінше шешім қабылдау және штаттан тыс жағдайларда әрекет ету қабілеттерін көрсетті. Шұғыл дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларға да ерекше назар аударылды.

Байқау комиссиясы қатысушыларды бірқатар критерийлер бойынша бағалады: теориялық даярлық деңгейі, өндірістік тапсырмаларды орындау сапасы, еңбектің ұтымды әрі қауіпсіз тәсілдерін қолдануы, кәсіби дербестік деңгейі, сондай-ақ тапсырмаларды орындауға жұмсалған уақыт.

Байқау үздік мамандарды анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, әртүрлі өңірлік филиалдардың қызметкерлері арасында озық өндірістік тәжірибелер алмасуға арналған алаңға айналды. Оны өткізу қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және жұмыстың тиімді әрі ұтымды әдістерін кеңінен таратуға ықпал етеді.

Байқау бағдарламасының маңызды бөлігі қызметкерлердің қосымша құзыреттерін дамытуға арналды. Іс-шара аясында компания қатысушылар үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша оқыту ұйымдастырды. Оқу сессиясы мамандарға заманауи цифрлық құралдармен танысып, оларды іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін зерделеуге мүмкіндік берді.

«Бүгінде қызметкердің кәсіби дамуы тек негізгі мамандығы бойынша дағдыларын жетілдірумен шектелмейді. Заманауи өндірістік орта жаңа білімді, соның ішінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы білімді талап етеді. Сондықтан біз қызметкерлерімізге тек кәсіби шеберлігін көрсетуге ғана емес, болашақта сұранысқа ие болатын жаңа құзыреттерді меңгеруге де мүмкіндік жасауға ұмтыламыз. Адамдарды оқыту мен дамытуға салынған инвестиция — бұл бір мезгілде компаниямыздың тұрақтылығы мен тиімділігіне салынған инвестиция», — деп атап өтті «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары кәсіби шеберлігі үшін дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы командалық есепте үздік нәтиже көрсеткен «Актау» филиалға байқаудың басты жүлдесі — «Үздік маман» ауыспалы кубогы табысталды.

«Үздік маман-2026» байқауы «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетіп, құзыреттерді жүйелі түрде дамыту, заманауи технологияларды енгізу, өндірістік тәжірибемен алмасу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңызды екендігін дәлелдеді.

29.09.2026
«АҚЫРТӨБЕ» ЖЕРАСТЫ ГАЗ ҚОЙМАСЫНА — 40 ЖЫЛ
Әрі қарай оқу
22.09.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «ҮЗДІК МАМАН-2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Әрі қарай оқу
18.09.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДАҒЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Әрі қарай оқу
23.07.2026
QAZAQGAZ ЖЕРАСТЫ ГАЗ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮҒА ДАЙЫН ЕКЕНІН РАСТАДЫ
Әрі қарай оқу