| Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
| Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
| Көшеров Даир Әділбекұлы |
| Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
| Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
| Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Компания ішкі тұтынудың өсуі жағдайында газды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етіп, ауқымды жөндеу жұмыстарын орындады және Қазақстанның магистральдық газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін арттырды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымын қорытындылады. Алдын ала жүргізілген дайындық, жөндеу-диагностикалық жұмыстар және жерасты газ қоймаларын тиімді пайдалану нәтижесінде компания жоғары жүктеме кезеңінде елдің газ тасымалдау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етті.
Жылыту маусымы барысында ішкі газ тұтыну көлемі 7%-ға өсті. Ең жоғары сұранысты өтеу үшін жерасты газ қоймалары белсенді пайдаланылып, олардан жалпы көлемі шамамен 2,4 млрд текше метр газ алынды. Атап айтқанда, «Бозой» ЖАГҚ-дан – 1,9 млрд текше метр, «Полторацкое» ЖАГҚ-дан – 350 млн текше метр, ал «Ақыртөбе» ЖАГҚ-дан 120,8 млн текше метр газ алынды. Бұл тұтынудың маусымдық ауытқуларын тиімді реттеуге және газбен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңінде ішкі тұтыну көлемі 7%-ға өсті. Ең жоғары жүктемені қамтамасыз ету үшін жерасты газ қоймаларын белсенді пайдаландық. Жалпы алғанда, қоймалардан шамамен 2,4 млрд текше метр газ алынды. Бұл тұтынудың маусымдық ауытқуларын тиімді реттеуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Азамат Давлетов.

Жөндеу және жаңғырту — жүйе сенімділігінің негізі
Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу аясында компания магистральдық газ тасымалдау жүйесінің нысандарында кешенді жөндеу және диагностикалық жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, құбырлардың 600-ден астам ақаулы учаскесі қалпына келтірілді. Қабылданған шаралар инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға және газ тасымалдау көлемін өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға ұлғайтып, 18,4 млрд текше метрге жеткізуге ықпал етті.
«Орта Азия — Орталық» магистральдық газ құбырында атқарылған жұмыстарды ерекше атап өткім келеді. Мұнда 7 290 ақаулы секция жойылды. Сондай-ақ «Атырау» МГҚБ «Индер» компрессорлық станциясына қосылу торабын қайта жаңғырттық. Бұл жаңа бағыттар бойынша газ тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтті. Орындалған жөндеу жұмыстары жоғары жүктеме кезеңінде Өзбекстан Республикасына және Қырғыз Республикасына қарай газды қабылдау мен үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге, ҚХР бағытындағы экспорттық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ «ББШ» магистральдық газ құбырының екінші тармағы арқылы газ транзитін одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік берді», — деп атап өтті Азамат Давлетов.
Келесі жылыту маусымына дайындық басталды
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін, «Интергаз Орталық Азия» АҚ 2026-2027 жылдардағы келесі күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Жоспарға сәйкес, «Бұхара — Орал», «Қарталы — Рудный», «Орта Азия — Орталық» және «БГА — ТБА» магистральдық газ құбырларында, «Қаратау» газ құбыры-бұрмасында, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесінің басқа да учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Өндірістік нысандардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, ақауларды уақтылы жоюға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және газ тұтынудың маусымдық өсуі кезеңінде оны тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етуге негізгі басымдық беріледі.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары компания жүзеге асырып жатқан техникалық және ұйымдастырушылық шаралардың тиімділігін көрсетеді. Инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңарту және өндірістік үдерістерді жетілдіру бағытындағы жұмыстар Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін одан әрі дамытуға, ішкі тұтынушыларды газбен сенімді қамтамасыз етуге және экспорттық міндеттемелерді орындауға берік негіз қалайды.
|
24.04.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ 2025-2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Әрі қарай оқу
|
|
07.04.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ
Әрі қарай оқу
|
|
19.03.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «ЖЕР САҒАТЫ» АКЦИЯСЫНА ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
Әрі қарай оқу
|
|
05.01.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Әрі қарай оқу
|