"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
QazaqGaz басшысы компаниядағы өндірістік қауіпсіздік туралы айтты
04.08.2023

«Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылғы 4 тамызда Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі II Форум өткізді. Іс-шара «Еңбектің қауіпсіз және салауатты болашағы» слоганымен өтті. Форум шеңберінде спикерлер «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы өндірістік қауіпсіздік саласының ағымдағы жағдайы мен сын-қатерлері туралы айтып берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылғы 4 тамызда Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі II Форум өткізді. Іс-шара «Еңбектің қауіпсіз және салауатты болашағы» слоганымен өтті. Форум шеңберінде спикерлер «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы өндірістік қауіпсіздік саласының ағымдағы жағдайы мен сын-қатерлері туралы айтып берді.

Форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Форум Қор тобы жұмыскерлерінің әрқайсысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, барлық портфельдік компаниялардың ортақ күш-жігерін біріктіру үшін ұйымдастырылды», - деп ерекше атап өтті. Өз кезегінде, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов өткен жылдың соңында Қор 3 бағыт бойынша 38 нақты іс-шарадан тұратын 2023 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткенін хабарлады:

1. Адамдар және қауіпсіздік мәдениетін арттыру;

2. Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3. Төтенше жағдайлардың алдын алу.

«Портфельдік компаниялардағы өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру және жарақаттану мен апаттардың алдын алуға бағытталған іс - шараларды іске асыру процесі Қордың тұрақты бақылауында», – деді Ғ.Ауғанов.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов панельдік сессия шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының бірінші басшыларымен сөз сөйледі. Санжар Жаркешов компаниялардың жұмыс орындарында, сондай-ақ станоктармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде өндірістік қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні туралы сұраққа жауап берді.

«Өндірістік және ішкі бақылау шеңберінде QazaqGaz-да көп деңгейлі бақылау қабылданды, оған жұмысшылармен қатар бірінші басшылар да қатысады. Топ-менеджмент өндіріс алаңдарына тоқсанына кемінде бір рет барады. Бұл өндірістік және ішкі бақылаудың жеке деңгейі», - деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов.

QazaqGaz жыл сайын өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестендірілген тәуекелдер мен қауіптерді ескере отырып, Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

 

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу