Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
"QazaqGaz" ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Келес ауданы Бәйтерек және Жамбыл-2 елді-мекендерін табиғи газға қосты.
"QazaqGaz" ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Келес ауданы Бәйтерек және Жамбыл-2 елді-мекендерін табиғи газға қосты.
Тұрғын үйлерге газ жеткізу салтанатына "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, Түркестан облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысынын орынбасары Роза Сариева, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, БАҚ өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Бұл ауылдарды табиғи газбен жабдықтау үшін газ құбырлары 2021 жылы салына бастады. Табиғи газ Байтерек, Жамбыл-2 елді-мекендеріне Ғани Мұратбаев атындағы газ тарату станциясынан (ГТС) көгілдір отынды жеткізу үшін 25 шағырымнан аса газ құбыры төселіп, 2 дана газ реттеу пункті, 414 дана газ реттегіш шкафты пункт орнатылды. Бүгінгі шараның арқасында 544 тұрғын үйді табиғи газға қосу мүмкіндігі бар.
Тұрғындарды бүгінгі қуанышымен құттықтаған "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, газ мамандарының басты міндеті – әр шаңыраққа жылу мен қуаныш сыйлау екенін атап өтті.
Газ мамандары тұтынушыларға табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мен газды үнемді пайдалану ережелері жазылған ескертпе-парақшаларын таратты.
Жалпы, Түркістан облысы Келес ауданындағы 83 елді мекенде 133 753 тұрғын тұрады. Бүгінгі күні ауданда 65 елдімекен табиғи газбен қамтылған, яғни елдімекендердің 78% -ы «көгілдір отынның» қызығын көріп отыр. Аудан бойынша абонент саны - 14 629.
Биылғы жылы Келес ауданы бойынша тағы 6 елдімекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде ауданның экологиялық тазалығын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарын жылыту маусымында көмір жағып, күл шығару машақатынан құтқарады.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|