Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев еңбек ұжымына 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы компания қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.
2024 жылдың 6 айында табиғи газды тасымалдаудың нақты көлемі жоспар бойынша 27,7 млрд м3 кезінде 27,1 млрд м3 құрады. Газ тасымалдау көлемі 0,58 млрд м3 немесе -2,1%-ға төмендеді.
Газды тасымалдау бағыттары бөлінісінде орындау мынадай түрде қалыптасты:
- ішкі нарыққа газды тасымалдау бойынша есепті кезеңде жоспардың орындалуы 98% құрады;
- газ экспорты бойынша жоспардың орындалуы 152 %-ды құрады;
- халықаралық газ транзиті бойынша жоспардың орындалуы 92%-ды құрады.
Есепті кезеңде газды сақтау бойынша жоспарлы көрсеткіштерден нақты көлемдердің 1 469 млн.м3 немесе 36%-ға ұлғаюы байқалады, бұл «Бозой» ЖАГҚ-ға газды айдау/іріктеу кестесін қайта қарауға негізделген.
ТКЖ көрсеткішінің орындалуы мың км-ге 7 102 млрд. м3 немесе жоспардың 109% құрайды, бұл Ресей газының Өзбекстанға транзитінің ұлғаюына байланысты.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған магистральдық газ құбырлары мен ЖАГҚ объектілеріндегі негізгі және қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу толық көлемде жүргізіледі.
Инвестициялық бағдарлама
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «Интергаз Орталық Азия» компаниясы tip-04 жалғастырғышының құрылысын, «Алматы энергокешені үшін газ инфрақұрылымын салу» жобасының құрамында ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін АГРС құрылысын аяқтады.
Кадр саясаты
Компания қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, қауіпсіз озық еңбек әдістері мен тәсілдерін анықтау және тарату, жұмысшы кәсібінің беделін арттыру мақсатында «Интергаз Орталық Азия» АҚ 13 жұмысшы мамандығы бойынша жыл сайынғы «ҮЗДІК МАМАН» кәсіби шеберлік конкурсын өткізіп тұрады. Қазіргі уақытта барлық филиалдарда байқаудың 1 іріктеу кезеңі өткізілуде. Финалдық тур 2024 жылдың қазан айына жоспрланған, онда конкурс нәтижелері бойынша 1,2 және 3 орын алған қызметкерлерге жыл ішінде материалдық көтермелеу және лауазымдық жалақыға қосымша ақы төлеу көзделген.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру
2024 жылдың алты айында 5 509 қызметкер оқудан өтті, оның ішінде.
Курстық оқыту форматында - 487 адам;
Қашықтықтан оқыту форматында – 4 733 адам;
Сыртқы оқу орталықтарында – 289 адам.
Жұмыс істеп тұрған «Жас маман» бағдарламасы бойынша оқуға гранттар беру шеңберінде «Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ-мен кадрлар даярлау жүйесінде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды, онда қазіргі уақытта техникалық мамандықтар бойынша 4 студент оқиды. Сондай-ақ, компанияның өндірістік объектілерінде өндірістік практикадан өту үшін студенттер қабылданды. Оқуды аяқтағаннан кейін бұл студенттер ИОА филиалдарына конкурстық негізде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
Қызметкерлерге сыйлықақы төлеу және әлеуметтік қолдау
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында компания қызметкерлер алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындады, өндірістік көрсеткіштерді орындағаны үшін жалақы мен сыйлықақылардан басқа келесі төлемдерді уақтылы жүзеге асырды: қызметкерлерге материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар мен кепілдіктер, өтемақы және біржолғы төлемдер, сыйлықақылар.
Әлеуметтік бағдарлама шеңберінде 2024 жылғы 1 мамырдан бастап науқастанған жағдайда ерікті медициналық сақтандыру бойынша шарт жасалды, бұл қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне қолайлы жағдайларда жоғары білікті медициналық көмек алуға және ең заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеудің қымбат түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты, белсенді демалысты насихаттау және қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында компания спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасайды.
Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында «Интергаз Орталық Азия» АҚ барлық бөлімшелерінде (оның ішінде шалғайдағы және шағын өндірістік бөлімшелерде) еңбек ұжымдарымен филиал басшыларының және Орталық аппарат өкілдерінің кездесулер өткізілді, олардың барысында қызметкерлер кадр саясатының негізгі бағыттарымен, еңбекақы төлеу жүйесімен және әлеуметтік пакетпен танысты. Орталық аппарат қызметкерлері, филиалдардың басшылары мен Кәсіподақ өкілдері қызметкерлерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
HSE бағыты бойынша есеп
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау:
1) IOSH 10 курсы бойынша компанияның 8 қызметкері оқудан өтті;
2) NEBOSH бағдарламасы бойынша компанияның 8 қызметкері оқудан өтті;
3) Өндірістік персоналдың барплық қызметкерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бағдарламасы бойынша «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» курсы бойынша оқудан өтті;
4) «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерінің денсаулығын қорғау, еңбек гигиенасы және өнеркәсіптік санитария жөніндегі АҚ СТ 970740000392-165-2024 корпоративтік стандарты бекітілді.
5) Компанияның өндірістік объектілерінің биоәртүрлілік жағдайына әсері туралы зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды;
6) «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ТКДБ) 2033 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы» әзірленді және бекітілді;
7) ӨҚжҚОҚ саласында «QazaqGaz» ҰК» АҚ корпоративтік құжаттары енгізілді.
Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі
Апатқа қарсы кешенді жаттығулар өткізілді:
1) Кешенді жаттығулар - 25;
2) Апатқа қарсы жаттығулар - 847;
3) Өртке қарсы жаттығулар - 352.
Өндірістік бақылау:
1) Орталық аппарат комиссиясы объектілерге тексеру жүргізді;
2) Анықталған бұзушылықтар саны – 341, оның ішінде 259-ы жойылды, 82-і жою мерзіміне сәйкес жұмыста.
Жастар саясаты
2024 жылдың алты айында ОА және филиалдардың жас қызметкерлері түрлі іс-шаралар өткізді:
Есептік кездесудің қорытындысы бойынша, Бас директор ұжымға жемісті әрі жанқиярлық еңбектері, жоғары кәсібиліктері мен жұмысты беріле атқаратындары үшін алғыс айтты.
22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|