![]() | Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
![]() | Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
![]() | Көшеров Даир Әділбекұлы |
![]() | Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
![]() | Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
![]() | Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты. Ресми қонақтарды Ақсу ауданындағы құрылыс алаңына облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов бастап барды. Белгілі болғандай, «Талдықорған - Үшарал» газ құбырының желілік бөлігін салу жұмыстары аяқталған. Қазір автоматты газ тарату станциялары тұрғызылуда.
Алдымен «Жансүгіров» АГТС-ының алаңына барған ресми қонақтар мұндағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл ретте Санжар Жаркешов бірінші кезекте жұмыстың сапасына баса көңіл бөлуді қатаң тапсырды.
- «Бүгінгі күні «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салуға үлкен назар аударылып отыр. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Ұлттық қордың қаржылай қолдауымен қолға алынған ауқымды жоба. Өткен жылы Үкімет басшысы Жетісу облысына келгенде құрылыс жұмыстары басталған болатын. Жобаның әлеуметтік маңызын ескере отырып, жұмыстарды қарқынды жүргіздік. Соның нәтижесінде жобаны белгіленген мерзімінен бір жарым жыл бұрын, яғни 2025 жылдың жылыту маусымына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл «QazaqGaz», облыс әкімдігі және мердігер компания – үш тараптың бірлескен үлгілі командалық жұмысының нәтижесі», - деді «QazaqGaz» ҰК» «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
Айта кетейік, жобаға ҚР Энергетика министрлігі, Самұрық-Қазына қоры мен Жетісу облысының әкімдігі қолдау білдірді.
Атап өтсек, жобаның технологиялық схемасына сәйкес, газ құбырының жалпы ұзындығы 302,441 км құрайды, жобалық қысымы РР=9,8 МПа. Жобада сондай-ақ 6 газ құбыры-бұрмасын және «Жансүгіров», «Қапал», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай», «Үшарал» - 6 автоматты газ тарату станциясын салу көзделген.
Бүгінгі таңда жаңа газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, кедергілерден өтетін учаскелерді: күрделі табиғи бедерлер, су асты өткелдері және т. б.салу бойынша жұмыстар аяқталу сатысында.
Қазіргі таңда барлық алты автоматты газ тарату станцияларының құрылыстары қатар басталды. Станциялардың дайындығы осы жылдың тамыз айына жоспарланған. Құрылысқа 148 бірлік арнайы техника мен 356 жұмысшы персонал жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары ерекше бақылауда және кестеден озып келеді.
Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов елді мекендердің ішкі желілерін жүргізудің дайындық жұмыстары туралы айта келе:
- «Талдықорған - Үшарал» магистралды газ құбыры жобасының арқасында Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында 66 елді мекенге газ тартылатын болады. Соның ішінде 6 елді мекенді биыл, қалған 60-ын келесі жылы газға қосамыз. Соның ішінде Ақсу қант зауыты да бар. Осы шаралардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін, сол сияқты кәсіпкерлік пен өндіріс орындарының жұмысы үшін де тиімді. Бұл өңірдің экономикасын дамытуға үлкен серпін береді»,– деді Ә.Қанағатов.
Ақпарат: Еске салсақ, Жетісу облысында 192 елді мекен газдандыруға жатады. Облыс бөлінгенде небары 5 елді мекенде ғана газ болған, бүгінгі күні газдандырылған елді мекендер саны 84-ке жетіп, газдандыру деңгейі 58,2 % құрап отыр. Жыл соңына дейін көгілдір отын тартылған елді мекендер санын 126-ға, газдандыру көрсеткішін 71,4% жеткізу жоспарланып отыр, яғни 500 мың адам газдың игілігін көреді деген сөз. Оған қоса «Талдықорған - Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының арқасында 66 елді мекен газға қосылады. Сөйтіп 2028 жылға дейін облыстың газдандыруға жататын 192 елді мекені толық көгілдір отынға қол жеткізетін болады.
19.05.2025
"ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ" ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК БӨЛІГІН САЛУ АЯҚТАЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
24.02.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЭМИССИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША КӨШБАСШЫ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|