"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
2024 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ АЛДЫНДА БАСШЫЛЫҚТЫҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
28.02.2026

              «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев еңбек ұжымына компанияның 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.

2024 жылы «Интергаз Орталық Азия» компаниясының ұжымы көптеген маңызды және ауқымды міндеттерді шешті, олардың ең бастысы - тұтынушыларға табиғи газды тұрақты және үздіксіз тасымалдау. Барлық негізгі өндірістік және экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

2024 жылдың 12 айында табиғи газды нақты тасымалдау көлемі 57,783 млрд м³ құрады, жоспар – 52,496 млрд м³, яғни жоспар көрсеткішінен 110% орындалды.

Газды тасымалдау бағыттары бөлінісінде орындау мынадай түрде қалыптасты:

- ішкі нарыққа газды тасымалдау бойынша есепті кезеңде жоспардың орындалуы 96% құрады;

- газ экспорты бойынша 94 %;

- халықаралық газ транзиті бойынша 110%  құрайды.

ТКЖ көрсеткіші 15,243 млрд м³*км немесе жоспардың 122%-ын құрады, бұл халықаралық газ транзиті көлемдерінің артуы және газды ұзын учаскелер арқылы тасымалдауға негізделген.

Газ сақтау бойынша нақты көлемдер жоспар көрсеткіштерінен 2 902 млн м³ немесе 16% артып отыр, бұл негізінен «Бозой» ЖАГҚ-да газды айдау/алу кестесінің қайта қаралуымен байланысты.

 Сонымен қатар, 2024 жылға жоспарланған магистральдық газ құбырлары мен ЖАГҚ объектілеріндегі негізгі және қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу толық көлемде орындалды.

Инвестициялық бағдарлама

 2024 жылы Алматы қаласын газбен қамтамасыз етуге арналған газ инфрақұрылымын салу аясында келесі объектілер толық аяқталып, пайдалануға берілді: «Алматы-Байсерке-Талғар» МГҚ екінші желісін салу, «TIP-04 жалғастырғышын салу», ЖЭО-2 үшін АГТС салу, ЖЭО-3 үшін АГТС салу. 

Қазіргі уақытта келесі стратегиялық маңызды жобалар белсенді кезеңде жүзеге асырылуда:

  • «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу;
  • «ОАО-4», «ОАО-5» және «ОАО-4 лупингі» МГҚ күрделі жөндеуі;
  • БГА-ТБА МГҚ 528–530 км учаскесінде айналма газ құбырын салу;
  • Теміртау және Жезқазған ЖӨБ үшін вахталық кенттерді салу. 

Кадр саясаты

Жоғары кәсіби ұжым – «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың маңызды бәсекелік артықшылығы болып табылады. Компания персоналды ынталандыру жүйесін және үздіксіз білім беру бағдарламаларын дамытуға, сондай-ақ ойластырылған әлеуметтік саясатты жүргізуге ұмтылады.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап компаниядан 44 штат бірлігі «QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-ға берілді.

Таратушы газ құбырларына және олардың құрылыстарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану қызметтерін компаниядан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға беру жөніндегі Жол картасына сәйкес, 2024 жылғы 16 сәуірде 3 309 штат бірлігі берілді.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқармасының 2024 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның Кадр саясаты бекітілді.

2024 жылғы 29 қарашада «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да Кадр саясаты бекітілді, ол келесі қағидаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

  • бос лауазымдар мен мамандықтарға конкурс негізінде тағайындау процедурасының ашықтығы мен мөлдірлігі;
  • кәсіби құзыреттіліктің құндылығы;
  • дамуға бағытталу, соның ішінде жеке, кәсіби және білім беру салаларында;
  • әлеуметтік жауапкершілік.

Компания қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, қауіпсіз заманауи еңбек әдістері мен тәсілдерін анықтау және тарату, сондай-ақ жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын «ҮЗДІК МАМАН» атты жұмысшы мамандар арасындағы кәсіби шеберлік байқауы өткізіледі.

2024 жылы іс-шара 13 жұмысшы мамандығын біріктіріп, 91 қатысушыны қамтыды және газ тасымалдау жүйесінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету мен жоғары техникалық сенімділікті арттыруға қызметкерлердің материалдық және моральдық қызығушылығын күшейтті.

Байқау қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 орын алған қызметкерлер жыл бойы материалдық сыйлықтармен және лауазымдық жалақыға қосымша төлемдермен марапатталды.

 Қызметкерлердің біліктілігін арттыру

2024 жылы біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша компанияның 11 045 қызметкері, оның ішінде 10 281 қызметкер ҒТО күшімен оқытылды, олардың 4 700 қызметкері өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша білім алды. Курс түрінде – 1 054 адам; қашықтықтан оқыту форматында – 9 227 адам; сыртқы оқу орталықтарында – 764 адам.

Кадрлық резервпен жұмыс «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың табысты қызметін қамтамасыз етудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыс бос басқарушылық лауазымдарды жоғары кәсіби біліктілік және басқарушылық құзыреттерге ие кандидаттармен уақытылы және жоспарлы түрде алмастыру мақсатында жүргізіледі.

«Жас маман» бағдарламасы бойынша оқуға гранттар беру шеңберінде «Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ-пен кадрлар даярлау жүйесінде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды, онда қазіргі уақытта техникалық мамандықтар бойынша 10 студент оқиды. Сондай-ақ, компанияның өндірістік объектілерінде өндірістік практикадан өту үшін студенттер қабылданды. Оқуды аяқтағаннан кейін бұл студенттер ИОА филиалдарына конкурстық негізде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

          Сыйлықақы төлеу және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

 2024 жылы компания қызметкерлер алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындады, өндірістік көрсеткіштерді орындағаны үшін жалақы мен сыйлықақылардан басқа келесі төлемдерді уақтылы жүзеге асырды: қызметкерлерге материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар мен кепілдіктер, өтемақы және біржолғы төлемдер, сыйлықақылар.

2024 жылғы қаңтардан бастап компания қызметкерлеріне лауазымдық жалақыларын 5%-ға индекстеу жүргізілді.

Әлеуметтік бағдарлама шеңберінде 2024 жылғы 1 мамырдан бастап науқастану жағдайында ерікті медициналық сақтандыру бойынша шарт жасалды, бұл қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне қолайлы жағдайларда жоғары білікті медициналық көмек алуға және ең заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеудің қымбат түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 5 332 қызметкер сақтандырылды.

2024 жылы 1 512 бала демалған балалар-сауықтыру лагерьлерінде жұмысшылардың балаларының демалысын ұйымдастыруға негізгі бейімділік жасалды.

Салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты, белсенді демалысты насихаттау және қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында компания спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасайды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ спорттық құрамасы «QazaqGaz» ҰК» АҚ жазғы спартакиадасына қатысып, үшінші жыл қатарынан жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды иеленді.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің IX Спартакиадасының суперфиналында «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды: футболдан – 1 орын; тоғызқұмалақтан – 3 орын; әйелдер волейболынан – 3 орын.

«Бірінші сыныпқа бірінші рет» акциясы аясында компания қызметкерлерінің 555-тен астам балалары мектепке қажетті барлық керек-жарақтары бар сөмкелер алды. 2024 жылғы желтоқсанда филиал қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді, сондай-ақ барлық қызметкерлердің 12 жасқа дейінгі балаларына жаңажылдық сыйлықтар сатып алынды.

Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде (соның ішінде шалғай және аз қызметкері бар өндірістік бөлімшелерде) филиал басшылары мен Орталық аппаратының өкілдері қатысқан еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді. Кездесулер барысында қызметкерлерге кадр саясатының негізгі бағыттары, еңбек ақы жүйесі және әлеуметтік пакет таныстырылды. Орталық аппаратының қызметкерлері, филиал басшылары және Кәсіподақ өкілдері қызметкерлердің барлық сұрақтарына толық жауап берді.

2024 жылы «Самұрық-Қазына» әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы компанияның өндірістік бөлімшелеріндегі әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау бойынша зерттеуді жарты жылда бір рет телефон арқылы сауалнама жүргізу және SMS көмегімен өткізді. Зерттеу нәтижелері бойынша 2024 жылғы әлеуметтік тұрақтылық рейтингі 72%-ды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары.

 

HSE бағыты бойынша есеп

 

2024 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ішкі нормативтік құжаттар бейімделіп, енгізілді:

ü  «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның орталық комитеті және Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеті туралы ереже;

ü  Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын өндірістік бақылау туралы ереже;

ü  Құжатталған рәсім – «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бағдарламасы;

ü  «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерінің денсаулығын қорғау, еңбек гигиенасы және өндірістік санитария бойынша корпоративтік стандарты»;

ü  «Денсаулық мектебін ұйымдастыру тәртібі» жұмыс нұсқаулығы;

ü  «Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» жұмыс нұсқаулығы.

Тиісті сертификаттар бере отырып, келесі бағыттар бойынша корпоративтік оқыту ұйымдастырылды:

  • NEBOSH халықаралық бағдарламасы бойынша – 5 қызметкер;
  • IOSH Managing Safely халықаралық бағдарламасы бойынша – 21 қызметкер;
  • «Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру» курсы бойынша – 18 қызметкер;
  • «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша – 3 760 қызметкер;
  • «Зиянды және қауіпті өндірістік факторларды анықтау» курсы бойынша – 12 қызметкер.

Айта кету қажет, 2024 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары арасында HSE көрсеткіштері бойынша үздік кәсіпорын атанды. 2024 жылы 10 676 406 адам-сағат жазатайым оқиғасыз жұмыс атқарылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ПГ-04-22 «Ынталандыру және салдарларды басқару бағдарламасына» сәйкес, 1 (бір) жыл жазатайым оқиғасыз жұмыс істеу көрсеткішіне қол жеткізгені үшін компанияның барлық қызметкерлері сыйлықақымен марапатталды.

Компанияның еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік қызметті қауіпсіз жүргізу жөніндегі міндеттемелерін іске асыру аясында 2024 жылы мінез-құлыққа негізделген қауіпсіздік аудиттері (ПАБ) де жүргізілді. Бекітілген кестеге сәйкес, 2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін жауапты тұлғалар жоспарланған 10 000-ның орнына 16 357 ПАБ өткізді.

Аталған аудиттерді жүргізу барысында 638 қауіпті жағдай және 604 қауіпті әрекет анықталды, оның нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу жөнінде ескертулер мен ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, 2024 жылы компанияда 2 ықтимал қауіпті оқиға (near miss) және қауіпсіздік техникасын бұзуға байланысты 9 жұмыс тоқтату жағдайы тіркелді.

Өндірістік бақылау аясында 16 319 тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 15 298 ескерту мен сәйкессіздік анықталды. Жалпы санынан 15 040 (98,3%) сәйкессіздік жойылды. Қазіргі уақытта 258 (1,7%) ескерту жою сатысында тұр.

ОА КПК тексеру нәтижелері құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде бүкіл компания бойынша жалпы жағдайды фрагменттелген көріністі болдырмай бағалауға мүмкіндік береді, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әлсіз тұстарды анықтайды, өндірістік қауіпсіздік саласында іске асырылуы қажет басым міндеттер мен бағыттарды айқындайды, қызметтердің техникалық құжаттаманы жүргізуінің жалпы жай-күйін көрсетеді, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ескертулер мен бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасын қамтамасыз етеді.

Ықтимал өрттердің алдын алу және оларды жою бойынша жедел әрекет ету мақсатында 2024 жылы филиалдардың барлық желілік-өндірістік басқармаларында төмендегідей оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізілді:

  аварияға қарсы – 1 641;

  өрт-тактикалық – 819;

  кешенді – 52;

  оқу дабылдары – 51.

Қазіргі уақытта компания объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттық міндеттемелер негізінде жүзеге асырылады.

2024 жылы Өрт-техникалық минимум (әрі қарай – ӨТМ) бағдарламасы бойынша компания филиалдарының 1 640 қызметкері оқытылды. ӨТМ бойынша алған білімдері мен дағдылары өрт жағдайында дұрыс әрекет етуге мүмкіндік береді.

Компанияда жыл сайын міндетті алдын ала медициналық тексерулер ұйымдастырылады. 2024 жылдан бастап міндетті медициналық тексерулер көлемі кеңейтіліп, өткір коронарлық синдромның даму тәуекелін бағалау енгізілді.

Науқастану жағдайы бойынша жасалған шарт аясында қызметкерлер ВКК ұсынымдарына сәйкес қосымша тексеруден өтеді. Негізгі диспансерлік топтар қалыптастырылды:

·        жүрек-қан тамырлары аурулары;

·        қозғалыс аппараты аурулары;

·        тыныс алу жүйесінің аурулары.

Әрбір топ бойынша қосымша тексерулердің жиілігі мен көлемі, тар мамандықтағы дәрігердің қарауы және қажетті дәрі-дәрмекпен емделу жеке анықталады. Жұмысқа қабылдау қызметкердің лауазымдық міндеттерге қабылдану алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады.

2023 жылы енгізілген «Кездейсоқ скрининг» бағдарламасы өзектілендіріліп, кеңейтілді. Ауысымдық режимде жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған пилоттық таңдамалы ЭКГ-тестілеу рәсіміне қосымша ретінде, жұмыс орындарында жүрек-қан тамырлары жүйесінің ықтимал патологиясы даму қаупі жоғары топтарды анықтауға мүмкіндік беретін триглицеридтер, жалпы холестерин және қан глюкозасы деңгейін экспресс-тестілеу енгізілді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да өндірістік қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін экологиялық тәуекелдерді басқаруға бағытталған Экологиялық саясат табысты іске асырылуда. Тұрақты түрде бақылау, диагностика, мониторинг, ақпарат жинау және өңдеу жүргізіліп, компания объектілерінде атмосфераға метан шығарылымдарын азайтуға бағытталған іс-шаралар іске асырылады.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа технологияларды және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдана отырып кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Қабылданатын барлық шаралар компанияға атмосфераға шығатын ластаушы заттардың нақты көлемін рұқсат етілген шығарындылар нормаларын және мемлекеттік орган бекіткен қоршаған ортаны қорғау нормаларын асырмауға мүмкіндік береді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ әр жыл сайын Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес верификаторларда бекітілетін парниктік газ шығарындыларын (Scope 1) инвентаризациялау есебін әзірлейді және растайды. Сонымен қатар, компания сатып алынған жылу және электр энергиясын тұтынумен байланысты жанама парниктік газ шығарындыларын (Scope 2), сондай-ақ жүзеге асырылған өнімді пайдалану кезінде болатын барлық басқа парниктік газ шығарындыларын (Scope 3) талдайды.

Компанияда 2033 жылға дейінгі «Интергаз Орталық Азия» АҚ төмен көміртекті даму бағдарламасы (ТКДБ) жүзеге асырылуда, бұл тұрақты дамуға және климаттық рейтингті CDP жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының климаттық күн тәртібі бойынша компания көрсеткіштерін жетілдіру бағытында тиімді қадам болып табылады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ төмен көміртекті даму бағдарламасы «QazaqGaz» ҰК» АҚ-тың CDP климаттық рейтингін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына кіретінін, бұл жоспар «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма шешімімен бекітілгенін назарға алу қажет.

Carbon Disclosure Project (CDP) климаттық рейтингі мен Environmental, Social and Governance (ESG) көрсеткіштерін алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ интеграциялық жылдық есебін қалыптастыру аясында «Интергаз Орталық Азия» АҚ компания объектілерінің биоалуантүрлілікке әсерін зерттеу бойынша ұзақ мерзімді ғылыми-зерттеу келісімшартын жасасты.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты: компания филиалдары бойынша зерттелетін аймақтағы дала және орманды дала биоалуантүрлілігінің индикаторлық жануарлары түрлері бойынша кәсіпорынға жақын аумақтардағы қазіргі биоалуантүрлілік жағдайын өткен жылмен салыстырып, өндірістік объектілердің жануарлар мен өсімдіктер әлеміне техногендік әсерін бағалау.

Соңғы жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік объектілерінде қоршаған ортаға немесе табиғи ресурстардың сарқылуына, тірі организмдердің қырылуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.

Жастар саясаты

2024 жыл ішінде ОА және компания филиалдарының жас қызметкерлері түрлі іс шаралар өткізді:

1.    Су тасқындарына қарсы іс-қимыл;

2.    «QazaqGaz» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ұйымдастырған жастар форумдары мен челленджтерге қатысу;

3.    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу;

4.    ПХГ «Бозой» 50 жылдық мерейтойына арналған спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;

5.    Абай Құнанбаев күніне арналған флешмобқа қатысу;

6.    «Балаларды бірге мектепке дайындаймыз» қайырымдылық акциясы;

                        Газ саласының ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтау.

2024 жылғы желтоқсанда Орталық аппараттың жас қызметкерлері «QazaqGaz» компаниялар тобының қызметкерлерімен бірлесіп «Тілек ағашы» қайырымдылық акциясын өткізді (арнайы назарды қажет ететін балалардың армандарын орындау). Қызметкерлердің өз қаражаттарына сыйлықтар алынды. Сонымен қатар, мерекелік қайырымдылық акциялары компания филиалдарында да өткізілді.

Есеп беру кездесуі аяқталған соң, Бас директор командаға бірлігі, кәсіби қасиеттері, жұмысқа белсенді қатысулары, стандартты емес ойлау және сәтті өндірістік көрсеткіштері үшін алғыс айтты.

19.03.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «ЖЕР САҒАТЫ» АКЦИЯСЫНА ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
Әрі қарай оқу
28.02.2026
2024 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ АЛДЫНДА БАСШЫЛЫҚТЫҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
Әрі қарай оқу
08.12.2025
QAZAQGAZ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДА ГАЗ МАМАНДАРЫНА АРНАП ЗАМАНАУИ МОДУЛЬДІК КЕШЕНДЕР САЛДЫ
Әрі қарай оқу
24.11.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу