Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
12.10.2015. Қызылорда облысы, Жанакорган кенті
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Қызылорда облысының 5 елді-мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы аясында «Жаңақорған» автоматтандырылған газ тарату станциясын іске қосу рәсімі өтті. Бұл шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарма Төрағасы (Бас директоры) Ибулла Серді қатысты.
Жаңақорған кентін газдандыру аясында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан ұзындығы 7 км жеткізуші газ құбыры тартылып, 2 ГТП (газ тарату пункті), 27 ШГТП (шкафтық газ тарату пункті) және 275 ауылішілік газ құбырлары салынды. Нәтижесінде елді-мекеннің 30 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Ал бұл 5410 жеке үй, 27 көппәтерлі үй, 167 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын.
Компания ай соңына дейін Арал қаласы, Шиелі және Әйтеке би ауылдарында 3 АГТС құрылысын аяқтап, іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, биыл Қызылорда облысының Байқоңыр қаласын газдандыру жобасын аяқтауды мақсат етіп қойды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарма Төрағасы (Бас директоры) Ибулла Серді айтуынша, «Қазақстанда алғаш рет 5 бес бірдей ауданға көгілдір отын берілгелі отыр. Осылайша ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ қызметінің арқасында Қызылорда облысының 190 мыңнан астам тұрғыны өте тиімді әрі экологиялық тұрғыда таза отынды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Аймақта аз ғана уақыттың ішінде 1439 км газ құбыры, 81 газ тарату пункті, 258 шкафтық пункттер салынды. Енді аймақ газбен қамтамасыз етудің жаңа кезеңіне өтті. Осы маңызды инвестжобаны жүзеге асыра отырып, облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейінің артуына да өзіндік үлес қосып отырғанымызды атап өткім келеді».
Ақпарат: Соңғы 5 жылда 7 мың жаңа үй газ тарату жүйесіне қосылды. Ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары экологиялық тұрғыдан таза отынға ауыстырылды. 2013 жылы Қызылорда қаласының газ жүйесі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосылды. Осылайша облыс орталығында қыс мезгілінде туындайтын көгілдір отын тапшылығы толығымен жойылды.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі 7 (7172) 55-23-16
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|