"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде «Еліміздегі газдандыру мәселесі және 2015 жылдың қорытындысы» тақырыбына арналған бірлескен брифингі өтті
18.03.2016

2016 жылғы 18 наурызда ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде ҚР Энергетика министрлігі газ шаруашылығын дамыту департаментінің директоры Ғ.Н. Нұрғазиев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры И.Ж.Сердиевтің «Еліміздегі газдандыру мәселесі және 2015 жылдың қорытындысы» тақырыбына арналған бірлескен брифингі өтті.

Спикерлердің айтуынша, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан Республикасы газ өндіру деңгейін бес жарым есеге арттырды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 45,3 млрд м3 газ өнідірілді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 5% көп.

Газ экспорты да артты. 2015 жылы 12,7 млрд м3 көгілдір отын сыртқа сатылды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 15% жоғары.

Газ шаруашылығын дамыту департаментінің директоры Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында энергетика инфрақұрылымының дамуына оң баға бергенін және энергетика саласында соңғы 5 жылда индустриализация бағдарламасы аясында қыруар жұмыс атқарылғанын атап өтті. Дәлірек айтқанда, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы жүріп жатыр, «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының 3-ші желісі пайдалануға берілді.

Қазақстанның газ саласын дамыту жүйелі бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылуда. 2014 жылы ҚР ЭМ газ саласындағы саясат пен еліміздің тұтынушыларын тұрақты түрде газбен қамтамасыз етудің басты бағыттары бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас жоспары мен газ секторын дамытудың Концепциясын жасап, бекітті.

Бас жоспарды орындаудың арқасында, 2030 жылға қарай келесі шаралар жүзеге асырылады:

• газбен қамтылған тұрғындар саны 7 миллион адамнан 10 миллионға дейін көбейеді;

• еліміздің 1 600 астам елді-мекені газбен қамтамасыз етіледі.

2006 жылдан бастап бүгінге дейін бюджет есебінен жалпы құны 99 млрд теңгені құраған аймақтарды газдандыруға арналған 130 жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде соңғы 8 жылда газдандырылған елді-мекендер саны 730-дан 1200-ге дейін көбейіп, көгілдір отын жеткізілетін тұрғындар саны 2 миллионнан астам адамға көбейді.

Елімізді газдандыру жұмыстары бюджет қаржысымен қоса, газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» Акционерлік Қоғамының қаржысы есебінен жүргізіледі. 2006 жылдан бері Ұлттық оператор газдандыру жобаларын жүзеге асыруға 111 млрд теңге жұмсады.

ҚазТрансГаз 7 млннан астам абонент, 30 мыңнан астам өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, Қазақстанның 10 облысында жылу-энергетикалық кешендерді газбен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Өткен жылы ғана газбен жабдықтау жүйесіне 70 елді-мекен қосылды.

Ұлттық оператор «инвестицияларды тариф есебінен қайтару» формуласы бойынша еліміздің 8 аймағында жалпы құны 60 млрд теңге болатын газдандыру мен газ тарату жүйелерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды одан әрі жалғастырады. Одан бөлек, 2020 жылға дейін 7 мың км астам газ құбыры жаңадан төселіп, ескілері жаңғыртылады.

Ибулла Сердиев газ жабдықтарын тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік тақырыбын жеке бөлім айтты. Ол Ұлттық оператор БАҚ арқылы халықпен үлкен ақпараттық жұмыс жүргізуде, жадынамалар таратып, абоненттермен рейдтер және кездесулер жүргізіп жатқанын атап өтті. Бұл ретте, халықты газ приборларының жұмысын, мұржалар мен желдеткіштердің жай-күйін қадағалап отыруға, күмәнді және майдагерлік өндіріс қазандықтарын орнатпауға шақырды, үйлерге газ сигнал бергіштерін орнатуды ұсынды.

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу