"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Өткен жылдың қорытындылары бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-нда есепті кездесу өтті
28.02.2019

 Өткен жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, 2019 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының алдында тұрған жоспарлары мен міндеттері туралы еңбек ұжымына Бас директор Рустам Сулейманов айтып өтті.

Өткен жылы газды магистральдық тасымалдау 111 567 млн. м3 құрады, оның ішінде ішкі тасымалдау -18 151 млн. м3. Экспортқа  24 243 млн. м3 газ тасымалданды, халықаралық  транзит 69 173 млн. м3 құрады.  2018 жылы 22 916 млн. м3 газ өткізілді, 349 млн. м3 табиғи газ және 19 мың тонна газ конденсаты өндірілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ның таза пайдасы 155 975 млн. теңгені құрады.  

Рустам Сулейманов сондай-ақ негізгі қаржылық оқиғалар туралы да айтып өтті, осылайша өткен жылдың қараша айында «Standard & Poor’s» халықаралық агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ-ның  және оның 100%-дық еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының (ЭДР) ұзақ мерзімді рейтингін «BB» деңгейіне дейін арттырды, рейтингтер жөніндегі болжам – «тұрақты».

2018 жылы «Азиялық газ құбыры» ЖШС жоспарланған 1,2 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі кредитті өтеуге қоса 850 млн. АҚШ доллары мөлшерінде мерзімінен бұрын қарызды өтеді.

2018 жылғы сәуірде «ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-ның үш компрессорлық станциясын салу» жобасын қаржыландыру үшін 200 млн. АҚШ долл. мөлшерінде синдикатталған қарыз тартты.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры атап өткендей, 2018 жылғы қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен PetroChina арасында қазақстандық газ экспортын Қытайға жылына 10 млрд. текше м. дейін арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Рустам Сулейманов «ҚазТрансГаз» АҚ белсенді түрде енгізіп отырған блокчейн–технологиялары туралы да атап өтті, олар газ тасымалдау инфрақұрылымына мониторинг жүргізу, сервистік қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын  жүргізу үшін және газ есептеуіштеріне бақылау жасау үшін де  пайдаланылады.

Магистральдық газ тасымалдау жүйесін дамыту және жаңғырту бөлігінде есепті кезеңдегі негізгі маңызды оқиғалар «Қазақстан-Қытай» МГ (С желісі) қуатын арттыру жөніндегі жобаны іске асырудың аяқталғандығы туралы атап өтілген болатын. Газ құбырының үшінші желісін («С» желісі) пайдалануға енгізумен қатар «Қазақстан-Қытай» МГ-ның өнімділік қуаты жылына  55 млрд м³ дейін жеткізілді.

Сонымен қатар, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-ның үш компрессорлық станциясы да салынып бітті, соған байланысты газ құбырының қуаты  жылына 13 млрд.м3 дейін жеткізілді. «Қазақстан-Қытай» МГ-ның («А» және «В» желілерін) өнімділігін жылына 40 млрд. м3 дейін арттыру» жобасы бойынша ТЭН-ді әзірлеу және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-ның өткізу қабілетін жылына 15 млрд. м3 дейін арттыру» жобасы бойынша ТЭӘ әзірлеу  басталды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының солтүстік және орталық өңірлерін газдандыру аясында 2018 жылы «Сарыарқа» МГ құрылысына ЖСҚ әзірленді. Өңірлерді газдандыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның инновациялық-технологиялық сектордағы жобаларды іске асыру жұмыстары, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның «Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метан өндіру» пилоттық жобасына қатысты жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Бас директор, өткен жылы қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап айтты; бекітілген бизнес-жоспарға, «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы қағидаларына», қолданыстағы Ұжымдық шартқа сәйкес Қоғамның компаниялар топбының қызметкерлері үшін әлеуметтік тұрғыдан нақты жұмыстар жүргізілді.

Жалпы алғанда «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2018 жылғы жұмысы жақсы бағаланды. Р.Сулейманов есепті кездесуді аяқтай отырып, 2019 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ стратегиялық мақсаттарды одан әрі іске асыруды жалғастыратынын және негізгі міндеттер мен жоспарлардың белгіленгендігі туралы хабарлады.

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу