![]() | Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
![]() | Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
![]() | Көшеров Даир Әділбекұлы |
![]() | Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
![]() | Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
![]() | Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
2025–2026 ж.ж., КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ
2025–2026 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында «QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсановтың басшылығымен және еншілес, тәуелді кәсіпорындардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Бүгінгі күні газ тарату жүйелерінің жалпы дайындығы 52%-ды құрайды. Газ реттегіш пункттердің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жоспарланған көлемнің 46%-ы орындалды. Шкафтық және блокты реттегіш пункттердің ағымдағы жөндеуі 47%-ға орындалды. Ауыстыру құрылғыларын техникалық қызмет көрсету – 58%, электрохимиялық қорғау құралдарының ағымдағы жөндеуі – 56%. Газ құбырларын аспаптық тексеру 42%-ға орындалды.
72,2 мың шақырым газ тарату желілері мен құрылымдарының үздіксіз және қауіпсіз жұмысын 4 064 өндірістік персонал қызметкері қамтамасыз етеді. Барлық қызметкерлер арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, магистральды газ құбырларының желілік бөлігінде 367 ақауды жойып, күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған, олардың 284-і «Орта Азия – Орталық» МГҚ-да жойылды. Жұмыс жоспары күрделі және ағымдағы жөндеуді, сондай-ақ нысандарды модернизациялауды қамтиды. Атап айтқанда:
• «Бұқара–Орал» МГҚ-дағы КС-12-де НК-12СТ екі қозғалтқышына күрделі жөндеу жоспарланған;
• «Бұқар газды аймағы–ТБА» МГҚ-да «Полторацкое» және «Акыртөбе» компрессорлық станцияларының жабдықтарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілуде;
• «Союз», «Оренбург–Новопсков» және «Қарталы–Рудный» МГҚ-да ақаулы құбырларды ауыстыру жоспарлануда.
Жыл сайынғы жылыту маусымына дайындық шараларынан бөлек, 2025 жылы апаттық жағдайларды төмендету, оқыс оқиғаларды болдырмау, көміртегі тотығымен улану жағдайларын және газ қысымының төмен болу себептерін жою бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін қосымша қаражат бөлінді. Бұл шаралар жүйенің сенімділігін арттыруға және күзгі-қысқы кезеңнің қолайлы өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
30.06.2025
2025–2026 ж.ж., КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Әрі қарай оқу
|
19.05.2025
"ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ" ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК БӨЛІГІН САЛУ АЯҚТАЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
24.02.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЭМИССИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША КӨШБАСШЫ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|