"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«QAZAQGAZ» ҰК» АҚ ФИЛИАЛДАРЫНДА «ЖАҢАРҒАН QAZAQGAZ» КӨЗҚАРАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ
01.06.2022

19-27 мамыр аралығында жалпы еліміз бойынша «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының өңірлік филиалдарында «Жаңарған QazaqGaz» жаңа көзқарасының негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша кеңестер өтті.

Аппарат қызметкерлерінен басқа, кездесуге филиалдардың өндірістік бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Филиал басшылары бес негізгі бағыттан тұратын «Жаңарған QazaqGaz» жаңа көзқарасын ұсынды.

Бірінші – Мемлекет басшысының компанияға толық аудит жүргізу және компания қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ірі жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау. Ірі жобаларды іске асыру шеңберінде компанияның міндеттерінде Маңғыстау және Атырау облыстарының газ тасымалдау жүйелерін, Алматы қ. ЖЭО-2 және ЖЭО-3 қайта жаңарту, қуаты 1 млрд.м3 жаңа газ өңдеу зауытын, сондай-ақ Түркістан облысында бу-газ электр станциясын салу бар.

Екінші бағыт адам капиталын дамытуды қамтиды. Бұл бағыт меритократия, транспаренттілік қағидаттарына және өндірістік персонал үшін еңбек жағдайларын жақсартуға негізделген кадр саясатын жаңартуды және жетілдіруді көздейді.

Үшінші бағыт ұлттық компания алдында тұрған теңдессіз сындарды шешу үшін жаңа даму стратегиясын әзірлеуге шоғырланады. Бұл жұмыс газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының, оның ішінде Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол және т.б. кен орындарының жобаларына тартылған трансұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді.

Төртінші бағыт – ГТЖ-ны тиісті пайдалану және ішкі нарықты қорғау арқылы газбен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету.

Бесінші бағыт – компанияның сатып алуларының ашықтығын арттыру және сатып алудың жаңа моделін енгізу арқылы шығындарды оңтайландыру, оның ішінде сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту және өндірісті ҚР-да жергілікті ету, сондай-ақ компаниялар тобының активтерін монополиясыздандыру мен оңтайландыру және делдалдық құрылымдарды алып тастау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Бұдан бұрын, «QazaqGaz» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов сараптамалық кеңестің, ардагерлер кеңесінің, орта буын басшыларының, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен өндірістік филиалдары қызметкерлерінің, соның ішінде инженерлік құрам мен қатардағы қызметкерлердің қатысуымен Town Hall форматында коммуникациялық сессия өткізгенін естеріңізге сала кетейік. QazaqGaz басшысы компания дамуының жаңа көзқарасын таныстырып, негізгі басымдықтарды белгіледі.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу