![]() | Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
![]() | Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
![]() | Көшеров Даир Әділбекұлы |
![]() | Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
![]() | Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
![]() | Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Амангелді газ» ЖШС Бас директоры болып Алмас Балтабекұлы Қуандықов тағайындалды.
Алмас Қуандықов Атырау облысының тумасы. Жоғары білімді Талса университетінде (АҚШ) алған, инженер-мұнайшы болып табылады. ExxonMobil және Shlumberger-де біліктілікті арттыру бойынша бірқатар тағылымдамалар мен курстардан өтті.
Еңбек жолын 2010 жылы Норвегиядағы Statoil компаниясында әзірлеуші инженер лауазымынан бастады, содан кейін ExxonMobil халықаралық компаниясында (Хьюстон қ., АҚШ) әзірлеуші инженер лауазымында жұмыс істеді. 2013 жылы Қазақстанға оралғаннан кейін Қашаған жобасында Норт Каспиан Оперейтинг Компани (NCOC) компаниясында әртүрлі лауазымдарда, инженер-әзірлеуші, техникалық және бизнес мәселелері бойынша жетекші инженер, күкірт экспорты бойынша үйлестіруші болып жұмысын жалғастырды.
2019 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғандағы кезеңде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да Ірі жобаларды бағыттау бойынша Операциялық емес өндіруші активтер департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс жасады. Соңғы екі жылда Қашаған мен Қарашығанақ жобаларына жетекшілік етті.
Анықтама:
«Амангелді Газ» ЖШС («QazaqGaz» ҰК АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) – қызметінің негізгі түрлері газ және газ конденсатын өндіру болып табылатын газ өндіруші компания. Амангелді кен орны Жамбыл облысының Мойынқұм және Талас аудандарының аумақтарында, Тараз қаласынан солтүстікке қарай 190 км жерде орналасқан.
24.02.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЭМИССИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША КӨШБАСШЫ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|