"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«Қараөткелге қашық емессің, Қараөзек!» - Эссе
27.06.2018

 

 

Автор Қуаныш ЖИЕНБАЙ 

Жұмбақтайтын түгі жоқ, мәселе баршаға түсінікті. Біздікі сол «баршаға түсінікті» жағдайдың тамырына қайтадан қан жүгіртіп, кеуде керген қуаныштың әсерімен тағы да баршадан сүйінші сұрау. Иә, мұнда тұрған не бар деп, құлақ қақпастан сүйретіліп жүре беруі де мүмкін-ау әлдекімдердің. Осы немкеттілігімізден қанша мәрте таяқ жесек те селт етпейтін бойкүйездігіміз-ай. Мейлі, әлгілердің сол солақай мінездері үшін сот залына сүйрегелі жатқан кім бар. Тарта берсін үйреншікті әуенімен. Ал біз... жан жадыратар жаңалықты мерзімді басылым беттерінен қанша мәрте астын сызып оқысақ та, үн-түнсіз қала алмадық. Білеміз, білгенде қандай, бұл эмоциялық әсер ғасырлық жобаға татитын игілікті шараға иненің жасуындай үлес қоса алмауы мүмкін, мың шақырымнан асатын құбырдың бір тетігін көтерісуге де көмек бере алмауы мүмкін. Бірақ болмысты тек сыртқы күштердің ықпалымен безбендеп, солармен ғана бағалауға бола ма?! Есіңізде ме, АҚШ-тың күллі Тынық мұхит жағалауына сән беріп тұрған Калифорния штатындағы «Алтын қақпа» аталатын Сан-Франциско аспалы көпірі пайдалануға берілгенде халық қалай қуанды десеңші! Әрине шығын да аз болмағанға ұқсайды. Жер сілкінді, дауыл тұрды, қайта жөнделді. Тәулігіне жүз мың машина өткізе алатын алты жолақты атақты көпірдің елге тигізген қазіргі көл-көсір пайдасын шоттың тасына салыңызшы. Шашыңыз жетпейді. Жә, әлемдік стандарттармен өлшенетін және таңданыстан адамның қараптанқарап басы айналатын кереметтер аз ба мына біз өмір сүріп жатқан аласапыран дүниеде?! Арыға сілтемей, ежелгі көршіміз Ресейді-ақ мысалға алайықшы, бізге оның саяси астарының қажеті шамалы. Сыртқы күштердің салып жатқан санкцияларына қарамастан ұзындығы 19 шақырым Қырым түбегіне тікелей жол тартатын Керчь бұғазындағы көпірдің санаулы жылдар ішінде-ақ алғашқы бөлігін іске қосты. Көпір үстінде сырнайлатып-кернейлетіп, алаулатып-жалаулатып, шат-шадыман күлкілерін ән ырғағына құндақтаған дүйім жұрттың ақперен қуанышында есеп жоқ-ты. Елге жасалған игілік болашақтың еңсе тіктеуіне сеп, ал әрі-берідесін бірде жақтырып, бірде жақтырмай кірбің қабағын жуық маңда аша қоймайтын өзгелерге «біздің қолдан бұл да келеді» дейтін іргелі мемлекеттің айбары, сесі. Бұлар жайында әлі де талай-талай қомақты шығармалар жазылар, көркем фильмдер де түсірілер. Не үшін, бәсе не үшін? Қатал уақыттың шаңдағына көміліп қалмай, ұрпақ алдындағы азаматтық парыздың мінсіз өтелгендігін дәлелдеу үшін; анығына көшкенде, қамсызмұңсыз көше кезген бүгінгі көгенкөздердің бір сәтке болса да санасын селт еткізіп, алдыңғы буынның артына мойын бұрып қарағанда ұялмайтындай қолтаңба қалдырып кеткендігін ұғындыру үшін. Кіріспенің ұзаңқырап кеткендігін де іші құрғыр сезеді. Көпірді тілге тиек еткендегі себеп мынау: аттары суға байланысты ұғымнан туған Қараөткел мен Қараөзекті жалғайтын «Сарыарқа» магистральді газ құбыры дәл әлгілер секілді Астана мен Сыр өңірінің арасына тартылған алтын көпірдің рөлін атқарады. Басқаларды қайдам, Елбасының бес әлеуметтік бағдарламасында елді газдандыру кезек күттірмейтін міндет деп қадап айтуымен қатар, Президенттің назарында болатын ертең-бүгін старт алғалы тұрған әмбебап жобаның қадасының қағылуы бізді ерекше мақтаныш сезіміне бөледі. Астанаға табиғи газ келетін болыпты деген қауесеттің қашпаған сиырдың уызындай емексіткені қаш-шан.

Әйтеуір ақырының қайыры болды. Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры Қызылордадағы Қараөзек компрессорлық стансасы арқылы жолай Жезқазған, Қарағанды, Теміртауға «аялдап» Астанаға жол тартады.

 

Одан әрі Солтүстік облыстарды көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Алып құрылыстың Астанаға «ат шалдыру» мерзімі – келер жылдың желтоқсаны. Арақашықтық 1080 шақырым. Аз емес, көзге елестетудің өзі біраз күш. Әйтсе де жыр жолдарына жиі арқау болатындай «Арқа төсінен ару қала салған қазақтарға бұл не тәйірі!» дейтін жігер алдымен «тіфә-тіфә, тіл-көзден аман болсынды» айтқызып, еріксіз ойға оралады. Пафос, метафора... тағы не, көңілдің шалықтауы дейсіз бе, өзіңіз біліңіз! Мамандардың дерегінше 2,7 миллион адам тас көмір тасудың азабынан құтылып, жылы пештің қызуымен жүзі нұрланып, балбұл жанып, немерелеріне ертегі айтып отырады-мыс. 800 жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Астанаға жеткенше 267,3 млрд теңге қаржы жұмсалмақ, әр шаңыраққа жеткізу үшін 670 млрд теңге.

Халықтың алғысын алғыр «ҚазТрансГаз» компаниясы шығын мен пайданың аражігін ажыратып, «қаражат табылады, қорықпаңыздар, тек кесімді мерзімде бізге жұмыстың нәтижесін көрсетіңіздер» деп екі алақанын ысқылап отыр.

Астана, тәуелсіздігіміздің тірегі болған ару Астананың сұлулығына сұқтанатындардың қатары көп болмағай, ақ ниетін арнайтын ағайындарға әрдайым есік ашық. Шындықты мойындаудың өзі әдептілік, алты ай қыста қойын-қонышын тек тас көмірдің арқасында жылытып шығатын Астана теріскейден жел соқпаған күндері көк түтінге тұншығып қалушы еді ғой. Көгілдір газ келгенде ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың көлемі 36,1 мың тоннаға азаяды. Айтқандай, сол құрлықты құрлыққа, бір елді екінші елге жалғайтын көпірлерге айналсоқтай беретіндігіміздің сырын ашайық. Тоқетері, ел ертеңіне тірек болатын ғажайып оқиғалар өз ішімізде, өз ауламыздың төңірегінде болып жатса да «көрмес түйені де көрместің» кебін киіп, тұяқ серіппестен, саңырау кісіше тас бүркеніп жатып алатындығымызды түсіндіріп беріңізші кәнекей. Неге бұлай? «Алдымызда бір күн бар есеп берерді» (Шәкәрім) неге естен шығарып аламыз, а? Үлкеніміздің де, кішіміздің де құдай берген ырыс, халқымыздың кеңпейіл – маңдайына жазылған бақдәулетін кезінде бағаламай, барды бағалауға өреміз жетпей, яки жоқ жерден тұмсық көтергеніміз үшін де арұждан алдында жауап беруге тура келер күндердің күнінде. Қандай құпиясы барын кім білсін, сол көпірлер пайдалануға берілген сәттегі барша жұрттың көл-көсір көңіл-күйін ұмыта алмаймыз, әйтеуір. «Қайда жүрсең де біртұтассың – өзің туған өлкемен!» (Т.Әбдікәкім). Ертең, келер жылдың желтоқсаны дегеніңіз иек астындағы меже ғой. Сонда, сонда дейміз-ау, «Сарыарқа» газ құбыры мыңдаған шақырымды артқа тастап, Астана аспанынан алау-жалын жарқ ете қалған тұста естен танып, «қай өлкеге тап болдым» деп жүрегімізді бір дір еткізуге де жарамай, сол сылпыл жүрісімізден жаңылмай бұқпантайлап, бейшараның күйін кешпесек қайтсін-ай. Қызылордадағы «Қараөзек» аса стратегиялық маңызы бар компрессорлық станса. Заманауи техника жетістігімен жарақтандырылған. Астанаға, одан кейін Солтүстік облыстарға айдалатын газ Батыс Қазақстан кен орындары – Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз, Жаңажол, Өріктаудың табиғи өнімдері осында жиналады да, құдды Сыр-анамыз көкірегіндегі жылумен өзге ағайындарды жарылқап жатқандай ғажайып суреттерді көзге елестетеді.

Сыр – Алаштың анасы. Бір кездері құм суырған өлке, экологиясы ауыр нүктеге қоныстанған өңірден старт алған алып жобаның жолы болғай дейсіз ішіңнен тіліңді мың мәрте кәлимаға келтіріп.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАР

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу