"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
25.09.2025

         «Интергаз Орталық Азия» АҚ («QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіреді) Шымкент филиалының өндірістік объектілері базасында «Үздік маман» жұмысшылардың кәсіби шеберлік байқауы өтті. Жеңіске өздерінің өңірлік өндірістік филиалдарында алдын ала сынақтан өтіп, үздік нәтижелер көрсеткен газ тасымалдау саласының негізгі жұмысшы кәсіптерінің 94 жұмыскері үміткер болды.

         Биылғы жылы байқаудың негізгі мамандықтарының қатарына ұжымның әйелдер қауымынан құралған жаңа – «химиялық талдау зертханашысы» қосылды.

           Екі күн бойы байқауға қатысушылар өздерінің теориялық және практикалық білімдерін, сондай-ақ дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету қабілеттерін көрсетті.

          Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушының теориялық дайындық деңгейін, өндірістік алаңда орындалған жұмыстың сапасын, еңбектің ұтымды және қауіпсіз тәсілдерін қолдануды, қатысушының өндірістік дербестік дәрежесін және тапсырманы орындауға жұмсалған нақты уақытты бағалады.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл бастаманың негізгі мақсаттары – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілету. «Үздік маман» байқауы осы бастаманың айқын көрінісі, өйткені оның негізгі міндеттері — жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жұмысшы мамандықтарының арасында жоғары кәсіби кадрларды анықтау және қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделі туралы қоғамдық пікір қалыптастыру. Компанияның басты байлығы – біздің жұмыскерлеріміз. Сондықтан оларға баса назар аударамыз. Байқаудың барлық финалистері – нағыз кәсіби элита, еліміздің газ тасымалдау саласының сенімді негізі, – деп атап өтті конкурстық комиссия төрағасы, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары Абзал Кисметов. 

          Байқау жеңімпаздарына дипломдар табысталды, сондай-ақ жоғары кәсіби шеберлігі үшін жалақыға жылдық үстемеақы белгіленді.

           Жалпы командалық есепте «жүзден жүйрік» шыққан жеңімпаз - «Интергаз Орталық Азия" АҚ «Шымкент» МГҚБ филиалына конкурстың басты кубогы – «Үздік маман» ауыспалы кубогы табысталды.

            Биылғы жылы Компания басшылығының бастамасымен конкурсқа Түркістан облысы Сайрам ауданының №18 мектебінің оқушылары келді. Оқушылар үшін конкурстың жұмыс орындары бойынша кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өткізілді. Болашақ мамандар газ тасымалдау саласындағы мамандықтар туралы көбірек біліп, негізгі өндірістік процестерді тамашалады және жұмыстың нақты перспективалары туралы ақпарат алды. Компания жұмыскерлері осы саладағы мансапты дамыту үшін қажетті білім мен дағдылар туралы сұрақтарға жауап берді.

Мектеп меңгерушісі Мәлік Керімовтің айтуынша, байқауға келу – оқушылар үшін болашақ мамандықты таңдау, оған қойылатын талаптар туралы білу және тиісті білімді таңдау мүмкіндігі. Байқау жұмысшы мамандықтарының қаншалықты қызықты әрі сұранысқа ие болатындығын көрсетеді.

25.09.2025
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
27.08.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЭМИССИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША КӨШБАСШЫ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
30.06.2025
2025–2026 ж.ж., КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Әрі қарай оқу
19.05.2025
"ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ" ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК БӨЛІГІН САЛУ АЯҚТАЛДЫ
Әрі қарай оқу