"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Маңғыстау облысындағы басым жобалар кестеге сәйкес іске асырылуда
14.06.2023

«Qazaqgaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейірбек Ихсанов "Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші тармағын салу» және «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ құбырының 3 тармағын күрделі жөндеу» басым жобаларының іске асырылу барысын тексеру мақсатында Маңғыстау облысына барды.

«Qazaqgaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейірбек Ихсанов "Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші тармағын салу» және «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ құбырының 3 тармағын күрделі жөндеу» басым жобаларының іске асырылу барысын тексеру мақсатында Маңғыстау облысына барды.

Жобалар Мемлекет басшысының Маңғыстау облысын газбен жабдықтау сенімділігін арттыру және тұтастай алғанда елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде басым тәртіппен іске асырылуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында QazaqGaz ұлттық компаниясы «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші тармағын салуды бастады. Жобаның технологиялық схемасына сәйкес, газ құбырының 2-ші тармағының жалпы ұзындығы 308 км, өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд м3 құрайды. Бүгінгі күні кестеге сәйкес барлық жұмыс көлемінің 30% орындалды. Пайдалануға беру 2023 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

«Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ құбырының 3 тармағын күрделі жөндеу» екінші басым жобасы бойынша, бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстарының 93% орындалды. Жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес, құрылысты аяқтау және пайдалануға беру 2023 жылдың қыркүйегінде жоспарланып отыр. Алайда, өңір үшін газ құбырының үздіксіз жұмыс істеуінің маңыздылығын ескере отырып, мердігер жұмыстарды кестеден озып орындауда.

40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» газ тасымалдау жүйесі үш тармақтан тұрады және Маңғыстау облысының, Ақтау қаласының және МАЭК сияқты облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының табиғи газға қажеттілігін жабатын «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырының жалғасы болып табылады. 

Мейірбек Ихсановтың айтуынша, осы мегажобаларды іске асыру газ тасымалдау жүйесінің қуаты мен өткізу қабілетін арттыруға, Маңғыстау облысында табиғи газды тұтынудың өсіп келе жатқан көлемін жабуға мүмкіндік береді. Осының барлығы елді мекендерді, жұмысы электр энергиясын өндіру үшін газды сенімді және үздіксіз тасымалдауға, өңірдің халқын, әлеуметтік объектілері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарын жылумен жабдықтауға, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға және өңір халқына стратегиялық маңызды қызмет ретінде газ беруді тоқтату тәуекелін болдырмауға тікелей тәуелді ірі кәсіпорындарды тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, жобаларды іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы мультипликативтік әсер етеді, шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

 

29.05.2024
«Алматы-Байсерке-Талғар» МГҚ-ның 2-ші тармағының құрылысы мерзімінен бұрын жүріп жатыр
Әрі қарай оқу
21.05.2024
«Интергаз Орталық Азия» АҚ корпоративтік қауіпсіздік бөлімшелері мамандандырылған оқытудан өтті
Әрі қарай оқу
26.04.2024
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Әрі қарай оқу
03.04.2024
Газ мамандары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде
Әрі қарай оқу