"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
17.11.2023

Алматы Жылу электр орталықтарын газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының екінші кезеңін іске асыруды бастады. Осылайша, «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды.

Алматы Жылу электр орталықтарын газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының екінші кезеңін іске асыруды бастады.  Осылайша, «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды.

Ұзындығы 62,4 км-ды құрайтын «Алматы-Байсерке-Талғар» Магистральды газ құбырының екінші желісі тұтынушыларға, 2-ші ЖЭО және 3-ші ЖЭО-на  табиғи газдың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қолданыстағы газ құбырында штаттық жағдайлар орын алғанда қолдау болады.

Бұдан бөлек, аталған газ құбыры Алматы қаласын «Талғар» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы толықтай газбен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қолданыстағы газ тарату станцияларының жұмысын тоқтатпай, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбырының бірінші желісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қараша күні Алматы энергокешені үшін газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңі аяқталған болатын. Осының аясында автоматтандырылған газ тарату станциясы және «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырларын біріктіретін ТІР-04 жалғастырғыш құбырлары іске қосылды.

Сондай-ақ, 2023 жылы «QazaqGaz «ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен «Батыс Жылу кешені» автоматтандырылған  газ тарату станциясындағы ақауларды жойды.  Аталған станцияны 2016 жылы жеке мердігерлік ұйым жүргізген, сол күйі пайдалануға берілмеген.

АГТС-тың өнімділігі 140 000 м3/сағ құрайды, оның ішінде станцияның  екі желісі – Алматы тұрғындарына сағатына 90 000 м3 және индустриялық аймаққа сағатына 50 000 м3 газ таратады.

2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде Батыс жылу кешені (БЖК) автоматтандырылған  газ тарату станциясы (АГТС) іске қосылған жағдайда қолданыстағы «Орбита» станциясына артылатын жүктеме көлемі азайтылады. Аталған «Орбита» АГТС Алматының өндірістік және коммуналдық ұйымдарының тұтынушыларын үздіксіз газбен қамтамасыз етіп келеді. Осылайша, БЖК АГТС арқылы табиғи газ Алматының батыс бөлігіне жеткізіледі. Бұдан басқа, БЖК АГТС іске қосылған уақытта Алматы қаласының индустриялық аймағын газбен қамту  мүмкіндігі пайда болады.

Атап өтерлігі, Алматы ЖЭО жаңғырту жобасын «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асыруда. QazaqGaz компаниясы газ инфрақұрылымын салумен айналысады. Аталған жоба – қаладағы және қала маңындағы елді мекендердегі ауаның ластануын азайту арқылы Алматы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады, сондай-ақ энергия тапшылығын жоюға серпін береді.

 

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу