Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 2024 жылға арналған оқыту мен дамытудың күнтізбелік жоспары шеңберінде, корпоративтік қауіпсіздіктің құрылымдық бөлімшелерінің мамандары «Экономикалық қауіпсіздік (Форензик): корпоративтік және мемлекеттік басқарудағы рөлі мен орны» тақырыбында оқытудан өтті.
Оқытудың негізгі мақсаты – корпоративтік қауіпсіздіктің маңызды процестерінің бірін басқару тиімділігін арттыру – бұл экономикалық қауіпсіздік, сондай-ақ осы бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Оқыту семинары барысында Форензиктің әлемдік тәжірибесі, ішкі тергеу негіздері, кәсіпорындағы алаяқтықтың типтік схемалары, стейкхолдерлерді модерациялау және т. б. бөлімдерді қамтитын арнайы бағдарлама бойынша презентациялар ұсынылып, сабақтар өткізілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың біліктілігі оқу курсынан өткені туралы тиісті сертификат беріле отырып бағаланды.
Корпоративтік қауіпсіздік қызметкерлерінің «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметіндегі маңызды бизнес-процестерге тартылуын ескере отырып, сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында, семинар шеңберінде компанияның Комплаенс қызметінің, басқа құрылымдық бөлімшелер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа қалпына келтіру туралы талаптар бойынша компанияның еңбек дауларының сот практикасы, кадр саясаты, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру, шығыс, кіріс шарттарын мониторингтеу, объектілерді күрделі салу және жөндеу жобалары және т. б. салалардағы өзекті мәселелер қаралды.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде корпоративтік қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері қажетті білім мен дағдыларды игерді, сондай-ақ практикалық тәжірибе алмасты. Мұның бәрі оларға өздерінің кәсіби қызметінде корпоративтік қауіпсіздік шараларын қолдануды табысты қамтамасыз етуге және басқа мамандармен өзара іс-қимылды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Орталық аппарат офисінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев компанияның өндірістік филиалдарының корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі мамандарымен кездесті. Өз сөзінде Бас директор компанияның қазіргі тенденциялары мен алға қойған даму мақсаттарын ескере отырып, корпоративтік қауіпсіздікті басқару процесін жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша Манас Тасыбаев корпоративтік қауіпсіздік саласындағы бірқатар ағымдағы мәселелерді шешу және бұрын қойылған міндеттерді орындау бойынша, оның ішінде алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа, ұрлыққа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша қылмысқа қарсы мониторинг шеңберінде нақты тапсырмалар берді.
19.08.2024
Премьер-министр Талдықорған-Үшарал газ құбырының құрылысымен танысты
Әрі қарай оқу
|
28.07.2024
«Интергаз Орталық Азия» АҚ артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды
Әрі қарай оқу
|
13.06.2024
Түркістан облысында газдың шығып кетуін жою бойынша оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды
Әрі қарай оқу
|
29.05.2024
«Алматы-Байсерке-Талғар» МГҚ-ның 2-ші тармағының құрылысы мерзімінен бұрын жүріп жатыр
Әрі қарай оқу
|