"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
22.11.2024

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов және «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылыс барысымен танысты.

 

«Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу» инвестициялық жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асыруда. Жоба Үкіметтің 2024 жылғы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына кіреді.

Жаңа газ құбырының құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде басталған болатын.

Бүгінгі таңда 100 шақырымнан астам құбыр дәнекерленген. Құрылысқа 90-нан аса арнайы техника мен 128 жұмысшы персонал жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары ерекше бақылауда және қатаң түрде кестеге сәйкес жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов атап өткендей, бұл нысанның өңір үшін экономикалық маңызы зор. Осы маңыздылықты, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының орындалу жылдамдығын ескере отырып, құрылыс бір жылға жуық мерзімге ертерек аяқталады деп күтілуде. Осыған байланысты, 2025 жылдың соңына қарай 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқанд, Алакөл аудандарының 66 елді мекені табиғи газға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл іскерлік белсенділіктің артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, шағын және орта бизнестің дамуына қосымша оң әсерін тигізбек.

Анықтама:

«Талдықорған-Үшарал» МГҚ қолданыстағы бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылатын болады. Жобаның технологиялық схемасына сәйкес, газ құбырының жалпы ұзындығы 302,441 км құрайды, жобалық қысымы Рр=9,8 МПа. Жобада сондай-ақ 6 газ бұру құбыры мен 6 автоматты газ тарату станциясының құрылысы қарастырылған.

22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу