"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ КҮЗЕТ АЙМАҒЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ
17.06.2025

             «Интергаз Орталық Азия» АҚ («QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіреді) Түркістан облысының аумағы арқылы өтетін газ тасымалдау жүйесінің объектілері бойынша баспасөз турын ұйымдастырды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне магистральдық газ құбырының күзет аймағы дегеніміз не екендігі, қайда орнатылатыны, осы күзет аймағында не нәрсеге тыйым салынатыны және ең аз қашықтық дегеннің не екендігі түсіндіріліп, нақты көрсетілді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ бас инженері Жандос Сәденов магистральдық газ құбырының және оны пайдалануға байланысты басқа да объектілердің екі жағында күзет аймағы қарастырылғанын түсіндірді. Бұл газ құбырын газдың ағып кетуінен, өртке және жарылысқа әкелуі мүмкін физикалық әсерден қорғау үшін қажет.

Газ құбырларының көп бөлігі жер астына төселген, үйінді топырақпен қорғалған, күзет аймағын белгілеу үшін ақпараттық бағаналар мен километрлік белгілер орнатылған. Барлық белгілер анық көрініп тұру үшін ашық түстермен боялған.

 

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ директоры Сәкен Исмайлов атап өткендей, бұл баспасөз турының басты мақсаты халықты күзет аймағының шекаралары және оны пайдалануға қойылатын талаптар туралы хабардар ету. Қауіпсіздік аймағының не екенін түсіну апат қаупін азайтуға және қауіпсіздікті, ең алдымен адамдардың өмірі мен денсаулығының, сондай-ақ қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тасымалдау жүйесінің объектілері қауіптілігі жоғары аймақ болып табылатынын еске салады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – тұтынушыға газ жеткізудегі маңызды шарт. Кез-келген заңсыз әрекеттер газ құбырларының қалыпты жұмысын бұзып, газ беруді тоқтатуға әкелуі мүмкін. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халық газ құбырларының күзет аймақтары мен ең аз арақашықтық аймақтарын қатаң сақтаулары қажет — бұл өздерін және өз мүліктерін қорғауға мүмкіндік береді.

 

Анықтама:

«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) магистральдық құбырды пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және магистральдық құбырды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Пайдалану қауіпсіздігі туралы айтқанда, біз ең алдымен адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта туралы ойлаймыз.

Сондықтан да Заң «магистральдық құбырдың күзет аймағы», «ең аз қашықтық» сияқты ұғымдарды қарастырады.

Күзет аймағы дегеніміз не?

Заңның 1-бабының 9-тармағына сәйкес, бұл магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы аумақ.

Осылайша, қарапайым сөзбен айтқанда, күзет аймағы – бұл ешбір тіршілік ету объектілері жоқ әрі осы аймақта болуға тыйым салынатын учаске!

Бір техникалық дәлізде бірнеше магистральдық құбыр орналастырылған кезде барлық магистральдық құбыр үшін бірыңғай күзет аймағы орнатылады.

 

Күзет аймақтары қай жерде орнатылады?

 

Заңның 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес олар мынадай жерлерде орнатылады:

- мұнайды, мұнай өнімдерін, табиғи газды, мұнай және жасанды көмірсутек газдарын тасымалдайтын магистральдық құбыр трассалары бойында – құбыр осінің әрбір жағынан 50 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде магистральдық құбырдың күзет аймағы құбыр осінің әрбір жағынан 25 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектеледі;

- сұйытылған көмірсутек газдарын, тұрақсыз бензин мен конденсатты тасымалдайтын магистральдық құбыр трассалары бойында – құбыр осінің әрбір жағынан 100 метр жерден өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі түрінде;

- компрессорлық және газ тарату станциялары төңірегіндеаталған объектілер аумақтарының шекараларынан барлық жаққа 100 метрге кейін қалатын, тұйықталған сызықпен шектелген жер учаскесі түрінде орнатылады.

 

Күзет аймақтарында не істеуге тыйым салынады?

Заңның 14-бабының 5-бөліміне сәйкес, мыналарға тыйым салынады:

- бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

- кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

- автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

- мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

- магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

- ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

 

Ең аз қашықтық

Заңның 14-бабының 8-бөліміне сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында магистральдық құбырға жатпайтын кез келген объектіні құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде салуға тыйым салынады.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 606 бұйрығымен 3.05-01-2010 «Магистральдық құбырлар» ҚР Құрылыс нормалары мен қағидалары (бұдан әрі – ҚНжҚ) бекітілді және қолданысқа енгізілді.

Ең аз қашықтық шектері тасымалданатын шикізат пен құбырдың диаметріне байланысты 50-ден 350 метрге дейін белгіленеді.

Атырау облысында магистральдық құбырлардың иелері негізінен шартты диаметрі 1000-нан 1400 мм-ге дейінгі құбырларды пайдаланады.

Осыған байланысты, құбыр осінің әрбір жағынан жақын ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз қауіпсіз қашықтық 150-ден 350 метрге дейінгі қашықтықтан басталуы тиіс.

 

Жоғарыда аталған тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз, өйткені дәл осы сыртқы әсер авариялық жағдайдың негізгі себебі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта қауіпсіздікке басқа тікелей қауіп-қатерлер жоқ.

08.12.2025
QAZAQGAZ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДА ГАЗ МАМАНДАРЫНА АРНАП ЗАМАНАУИ МОДУЛЬДІК КЕШЕНДЕР САЛДЫ
Әрі қарай оқу
24.11.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
04.11.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ «ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК КӨШБАСШЫСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУДАН ӨТТІ
Әрі қарай оқу
31.10.2025
«ПОЛТОРАЦКОЕ» ЖАГҚ-ҒА 60 ЖЫЛ
Әрі қарай оқу