| Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
| Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
| Көшеров Даир Әділбекұлы |
| Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
| Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
| Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Түркістан облысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ «Полторацкое» жерасты газ қоймасының 60 жылдығына арналған іс-шара өтті.


Шақырылған ЖАГҚ ардагерлері өздерінің бұрынғы жұмыс орындарын аралап, жаңа заманауи технологияларды енгізуге байланысты жаңалықтарды жоғары бағалады, сондай-ақ «Полторацкое» ЖАГҚ туралы естелік бұрышпен танысты, жас мамандармен әңгімелесіп, өздерінің еңбек жылдары туралы естеліктерімен бөлісті, басшылыққа көрсеткен назарлары үшін алғыс білдіріп, қазіргі ЖАГҚ қызметкерлеріне газ қызметкерлерінің үздік еңбек дәстүрлерін сақтап, жалғастыруларын тіледі.


Бүгінгі таңда «Полторацкое» ЖАГҚ - бұл Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің маңызды стратегиялық объектісі, оның қалыптасуының бай тарихы және одан әрі дамудың тұрақты перспективалары бар.
«Полторацкое» ЖАГҚ-ның геологиялық барлау зерттеулерінен, 1965 жылы алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік айдаудан қазіргі заманғы техникалық жабдықтау деңгейіне дейінгі жолы дәйекті дамудың, ғылыми көзқарастың және жоғары инженерлік мәдениеттің үлгісі болып табылады. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Полторацкое» ЖАГҚ-ның барлық жұмыскерлері мен ардагерлеріне адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және құттықтайды.
Анықтама:
«Полторацкое» ЖАГҚ Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында орналасқан және «Бұқар газды ауданы - Ташкент – Бішкек - Алматы» магистральдық газ құбыры жүйесіне қосылған. Оның негізгі мақсаты - табиғи газды тұтынудың маусымдық біркелкі қалыпсыздығын реттеу және Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерін тұтынушыларды газбен жабдықтау сенімділігін арттыру.
«Полторацкое» ЖАГҚ жұмыс істейтін ауданның геологиялық құрылымы туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырға жатады. Сол кездің өзінде ғалымдар геологиялық барлауды одан әрі зерттеу үшін Ташкент маңындағы аймағының болашағын атап өтті. 1960 жылдардың басынан бастап жерасты газын сақтауға жарамды құрылымдарды белсенді барлау басталды.
1963 жылы Бүкілодақтық табиғи газ ғылыми-зерттеу институты (ВНИИГАЗ) Полторацкое алаңында жерасты газ қоймасын құрудың алғашқы технологиялық жобасын жасады. 1965 жылы 28 тамызда барлау-пайдалану ұңғымаларын параллельді бұрғылаумен тәжірибелік-өнеркәсіптік газ айдау басталды.
1967 жылдан бастап «Полторацкое» ЖАГҚ циклдік пайдалану режиміне ресми түрде енгізілді, бұл Қазақстанның оңтүстігін газбен жабдықтау жүйесін дамытудағы маңызды кезең болды.
|
08.12.2025
QAZAQGAZ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДА ГАЗ МАМАНДАРЫНА АРНАП ЗАМАНАУИ МОДУЛЬДІК КЕШЕНДЕР САЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
|
24.11.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|
|
04.11.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ «ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК КӨШБАСШЫСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУДАН ӨТТІ
Әрі қарай оқу
|
|
31.10.2025
«ПОЛТОРАЦКОЕ» ЖАГҚ-ҒА 60 ЖЫЛ
Әрі қарай оқу
|