"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТКІЗДІ
05.06.2026

              5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Интергаз Орталық Азия» АҚ («QazaqGaz» ҰК» АҚ тобына кіреді) экологиялық форум өткізді. Форумға QazaqGaz еншілес ұйымдарының басшылары мен мамандары, өндірістік филиалдардың эколог-мамандары, салалық сарапшылар және шақырылған спикерлер қатысты.

Форум қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін, экологиялық менеджмент жүйесін жетілдіруді, табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруды, экологиялық заңнама талаптарының сақталуын және экологиялық мониторингтің заманауи технологияларын енгізуді талқылауға арналған алаңға айналды.

Компания экологтарының кәсіби құзыреттерін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды, ол үшін «Интергаз Орталық Азия» АҚ эколог мамандарға арналған арнайы оқыту ұйымдастырды. Қатысушылар табиғат қорғау саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді талқылап, экологиялық қауіпсіздік бағытындағы үздік тәжірибелерімен және практикалық білімдерімен алмасты.

Форум барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен экологиялық мәдениетті дамытуға, «жасыл» экономика қағидаттарын енгізуге және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет, бизнес және қоғамның күш-жігерін біріктірген «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасына ерекше назар аударылды.

«Экология және тұрақты даму мәселелері компаниямыздың стратегиялық дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Мемлекет басшысының бастамаларын, оның ішінде «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдай отырып, біз заманауи экологиялық стандарттарды жүйелі түрде енгізіп, табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттырудамыз», – деп атап өтті «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары Азамат Давлетов.

Форум аясында қоршаған ортаны қорғау қызметін дамытуға және экологиялық бастамаларды іске асыруға елеулі үлес қосқан мамандар Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, KAZENERGY қауымдастығы, ECOJER қауымдастығы және QazaqGaz ұлттық компаниясының марапаттарына ие болды.

Форумның өткізілуі «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның экологиялық жауапкершілік пен тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін тағы бір мәрте растады. Компания өндірістік қызметтің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған экологиялық саясатты іске асыруды жалғастыруда.

Өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету компания қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала береді.

29.09.2026
«АҚЫРТӨБЕ» ЖЕРАСТЫ ГАЗ ҚОЙМАСЫНА — 40 ЖЫЛ
Әрі қарай оқу
22.09.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «ҮЗДІК МАМАН-2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Әрі қарай оқу
18.09.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДАҒЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Әрі қарай оқу
23.07.2026
QAZAQGAZ ЖЕРАСТЫ ГАЗ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮҒА ДАЙЫН ЕКЕНІН РАСТАДЫ
Әрі қарай оқу