"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің Батысын Оңтүстікпен қосты
20.11.2015

Бүгін «Бейнеу-Бозой» учаскесінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» (ББШ) магистральдық газ құбырын (МГҚ) пайдалануға енгізу ресми рәсімі өтті.

«ББШ» МГҚ құрылысы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға кіреді. Осы жобаның арқасында республиканың оңтүстігін батыстағы кен орындарынан отандық табиғи газбен тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.

«Бейнеу-Бозой» учаскесін – газ құбырын пайдалануға енгізу өзінің маңыздылығына қарай тарихи оқиға болып табылады, ол еліміздің барлық магистральдық газ құбырларын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне қосты. Бұл Қазақстанның аумағы арқылы кез келген бағытта газ тасымалдауды әртараптандыруға және импорттық газға деген тәуелділікті толығымен жоюға мүмкіндік берді. Осылайша, ҚазТрансГаз транзиттік әлеуетті арттыру және энергия ресурстарын тасымалдау бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруды жалғастырады, - деп «ҚазТрансГаз» АҚ Басқармасының төрағасы Қайрат Шәріпбаев атап өтті.

Осы жобаны аяқтау 2016 жылдың сәуір айына жоспарланған болатын, алайда газ құбыры 5 ай бұрын – жылыту маусымының басталуына қарай пайдалануға енгізілді. Бұдан басқа, тиімді менеджмент пен инновациялық басқару нәтижесінде «ҚазТрансГаз» АҚ аталған учаскені салу барысында бастапқы жоспарланған сомадан шамамен 150 млрд. теңге (500 миллион АҚШ доллары) үнемдеді. Әлемдік экономикадағы тұрақсыз ахуал және қаржыландыру көздерінің шектелуі жағдайында дәл осындай үнемді тәсілдер инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар магистральдық газ құбырының арқасында республика халқының тең жартысы тұратын оңтүстік облыстардағы 577 елді мекенге қосымша газ берілетін болады.

Анықтамалық: Жобаны іске асыру 2010 жылғы желтоқсанда басталған болатын, қазақстандық «ҚазТрансГаз» және қытайлық «Trans-Asia Gas Pipeline Cоmpany Limited» компанияларының тең үлестік негізінде «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС құрылды. Газ құбырын пайдалануға енгізу Қазақстан Республикасының барлық магистральдық газ құбырларын: «Союз», «Орта Азия – Орталық», «Бұхара – Орал», «Бұхара газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы», «Газли – Шымкент», «Қазақстан – Қытай» бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
87172 552316

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу