"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Қазақстанда тұңғыш рет өндірістік компания 4-ші деңгейлі еуропалық сапа дәрежесіне қол жеткізді
04.02.2016

Астанада «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамына Еуропалық сапаны басқару қорының (European Foundation for Quality Management, EFQM) «Танылған Кемелділік» 4-ші деңгейдегі сертификатын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Еуропалық қор шешімі компания қызметінің EFQM талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілген бақылау аудитінің қорытындысына сай шығарылды. «Танылған Кемелділік» EFQM сертификаты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өз қызметінде Еуропада таралған сапаны басқару стандарттарына сай болуға ұмтылысын растайды. Кәсіпорын әлемге әйгілі BMW, BOSCH, Coca-Cola секілді брендтер құрамына кіретін үздік еуропалық ұйымдардың тізіміне енгізілді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ – Қазақстан Республикасындағы «Танылған Кемелділік» 4-ші деңгейдегі EFQM сертификатын еншілеген тұңғыш өндірістік Компания.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ соңғы жылдарда жүйелі түрде сапаны, экологиялық аспектілерді және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқаруға қатысты тиімді интеграцияланған жүйе құрып, халықаралық менеджмент стандарттарын енгізді. Компания иеленген ISO 9001,14001 және OHSAS 18000 халықаралық сертификаттары осының айғағы болып табылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ сапа менеджментін бағалауды EFQM өкілетті асессорлары (сарапшылары) өткізді.

Олар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен оның өндірістік филиалдарының жұмысын - стратегия, персонал, серіктестік және ресурстар, процесстер, өнімдер мен қызметтер, тұтынушыларға арналған нәтижелер, персоналға арналған нәтижелер, қоғамға арналған нәтижелер, бизнестің басты нәтижелері деген қор әзірлеген әдістемеге сәйкес 9 өлшем бойынша зерттеді және талдады.

Ақпарат үшін: Ұйымдастырушы әрі жүлденің құрылтайшысы – Еуропалық сапаны басқару қоры (European Foundation for Quality Management, EFQM). Қор бизнестің тиімділігін арттырып, кемелділікке ұмтылған 750-ден астам серіктестің басын біріктіріп отыр.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Танылған Кемелділік» 1-ші деңгейдегі EFQM сертификатын 2013 жылы иеленді. Содан бері жыл сайын өз қызметін одан әрі жақсартуға тырысып келеді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі. Тел: 7(7172)55 23 16

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу