Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Осы тақырыптағы талдамалық материалды Наследие.Ru. ресейлік порталы жариялады.
Атап айтқанда, мақалада бүгінгі таңда әлемдегі ең ұзын үш магистральдық газ құбырының екеуі Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің аумағы арқылы өтеді. Бұл ұзындығы 7 мың километр «Түрікменстан – Қытай» газ құбыры және ұзындығы 5 мың километр «Орта Азия – Орталық» газ құбыры. Салыстыру үшін, әлемде ең ұзын газ тасымалдау бағыты қытайлық «Батыс-Шығыс» газ құбыры болып табылады. Оның ұзындығы - 8 704 километр.
КСРО-ның тарауымен Орталық Азия өңірінде жаңа геосаяси ахуал қалыптасты. Өйткені үлкен геосаяси ойын, әрқашан дерлік, қуат көздерінің үлкен қоры мен оны тасымалдауға болатын көлік инфрақұрылымы төңірегінде жүретіні анық. Орталық Азия өңірінде екі негізгі магистральдық газ құбыры бар, олар да әлемдегі ең ұзын газ құбырларының қатарына кіреді.
Егер Орталық Азия өңірінде газ тасымалдау инфрақұрылымының даму серпіні туралы айтатын болсақ, онда магистральдық газ құбырларының ұзындығы, олардың техникалық жай-күйі, өткізу қабілеттері, газ айдайтын блоктағы инновациялар, сондай-ақ әртараптандыру жолдары анағұрлым қолайлы көрсеткіштер болып табылады.
Қазақстандық магистральдық газ құбырларының жалпы ұзындығы 19 мың километрден астамды құрайды, онда 56 компрессорлық станция жұмыс істейді, 316 газ айдайтын агрегат орнатылған. Егер өңір бойынша көршілерде көбінесе «мұраға» қалған және мерзімді косметикалық жөндеуден ғана өткен газ инфрақұрылымы жұмыс істесе, Қазақстанда газ саласы іс жүзінде толықтай «қайта жүктелуден» өтті. Бұл ретте атап өтерлігі, салынып жатқан бүкіл инфрақұрылым газ тасымалдау әлеуетін ұзақ уақыт бойы еселеп ұлғайту мақсатымен ең заманауи технологиялық жабдықтармен жарақталған.
«Қазақстан-Қытай» маңызды көлік дәлізін ұсына отырып, Қазақстан заманауи компрессорлық станцияларды, соңғы үлгідегі газ айдайтын агрегаттарды салу және басқа да маңызды технологияларды енгізу есебінен өзінің транзиттік әлеуетін барынша пайдаланды. Осылайша ел үшін барынша пайда алуға және бүкіл газ инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік туды. Өткен жылы ғана қазақстандық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ осы газ құбырының үшінші желілік бөлігін және жаңа компрессорлық станцияларды пайдалануға енгізді.
Халықаралық сарапшылардың мәлімдеуінше, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің жай-күйі өте жақсы әрі газ айдау көлемдерін жылына 120 млрд. текше метрге дейін ұлғайта алады. Қазіргі қуаттылық – жылына 85 млрд. текше метрге дейін газ өткізуге қабілетті.
Материалда жасалған салыстырмалы талдау өңірдегі барлық елдер ішінен соңғы жылдары газ тасымалдау саласында жаңа технологияларды әртараптандыру, салу және енгізу жобалары Қазақстанда неғұрлым табысты іке асырылып жатқанын көрсетеді. Егер бірнеше жыл бұрын магистральдық газ құбырларының ұзындығы бойынша көшбасшылық Өзбекстанға тиесілі болса, бұл орынды бүгінгі таңда қазақстандық ұлттық газ операторы батыл түрде иемденіп отыр. Осы салада серпіліс жасауға «ҚазТрансГаз» АҚ-ның стратегиялық менеджментінің арқасында қол жетті. Өткен жылы ғана компания «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісін және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының Бейнеу-Бозой учаскесін пайдалануға енгізді.
Маңызды экономикалық тетік ретінде Орталық Азиядағы газ тасымалдау әлеуетін кеңейту басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ішкі және сыртқы нарықтарға көмірсутектерді жеткізудің көп бағыттылығы қағидаттарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы тауарлық газ транзиті мен оны экспорттық жеткізу жөніндегі барлық экономикалық қолайлы бағыттарын дамытуға ұмтылуда. Бұл ретте, ел үшін іргелес елдермен келісілген энергетикалық саясатты жүргізу маңызды болып қала бермек, өйткені транзиттік-экспорттық бағыттар солардың аумақтары арқылы өтеді.
Ресейлік сарапшылардың пікірінше, табиғи газ жеткізілімдері, оны тасымалдау үшін ең ыңғайлы бағыттар Қазақстанның аумағы арқылы өтеді. Мұны республика аумағы арқылы өтетін негізгі магистральдық газ құбырларының бағыттарынан-ақ пайымдауға болады. «Бұл - Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлемдік газ тасымалдау жүйесінде перспективалары зор, байыпты ойыншы болып табылатынын білдіреді» - деп тұжырымдайды сарапшылар.
Материалды толығымен мына сілтеме. бойынша өту арқылы оқуға болады.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|