"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
БАСШЫЛЫҚТЫҢ «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН 2016 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК-ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
26.08.2016

Астана Қ. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Еркін Қасеев Орталық аппарат ұжымының алдында Компанияның 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің нәтижелері туралы есебімен сөз сөйледі.

А.ж. бірінші жартыжылдықты қорытындылай келе, Е.Қасеев компания тағы да өндірістік және қаржылық нәтижелерінің сенімді өсімін паш етіп, өз позициясын күшейте түскенін және одан әрі өсу үшін базасын нығайтқанын атап өтті.

Алғашқы жартыжылдықта газ тасымалдау көлемінің көрсеткіші бойынша өндірістік бағдарламаны орындау 33 569 млн. м 3 немесе жоспардың 88%-ын құрады, бұл ретте тауар-көлік жұмыстарының (ТКЖ) көрсеткіші 91% немесе 8 324млрд.м3 деңгейінде орындалды. Газ сақтау бойынша жоспардың орындалуы 385%-ды құрады.

2016 жылдың 6 айында нақты күрделі салымдар 11 114 млн.теңгені құрап, жоспар 109%-ға асыра орындалды.

А.ж. бірінші жартыжылдығына жоспарланған магистральдық газ құбырлары мен ЖАГҚ объектілеріндегі негізгі және қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу толық көлемінде орындалды.

Ситибанктің едәуір арзан несие желісін пайдалану есебінен «Интергаз Орталық Азия» АҚ 142 млн. АҚШ долл. мөлшеріндегі еурооблигацияларын ішінара кері сатып алу табысты жүргізілді. Алғаш рет ЕҚДБ-мен 50 млн.АҚШ долл. тең теңге сомасында «Бозой» ЖАГҚ реконструкциясы» жобасы қаржыландырылды және «Интергаз Орталық Азия» АҚ қарыз берешегі ЕҚДБ 220 млн.АҚШ долл. мөлшеріндегі едәуір арзан әрі ұзақмерзімді қаржыландыруымен қайта қаржыландырылды.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында еңбекті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қорғау саласында барлық жоспарланған іс-шаралар өткізілді, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерінің қауіпсіздік саласындағы "Алтын Қағидалар" кодексі әзірленіп, бекітілді.

Есептік кезең ішінде Компанияның өндірістік бөлімшелерінде Еңбекті қорғаудың тұрақты жұмыс істейтін комиссияларымен ЕҚҚББЖ және әкімшілік-өндірістік бақылау жүргізу кестесіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша 57 тексеру жүргізілді. Тіркелген ескертулер мерзімдеріне сәйкес жойылуда.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры өз сөзінде Компания қызметкерлерінің алдында өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындап, жалақы мен сыйақылардан бөлек өндірістік көрсеткіштерді орындағаны үшін келесі төлемдерді: қызметкерлерге материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылық төлемдер, біржолғы төлемдер мен сыйақыларды уақытылы төлеуді жүзеге асырғанын атап өтті.

Компания қызметкерін дамыту бойынша тұрақты жұмыс істейтін бағдарлама аясында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сыртқы оқу орталықтарында 206 қызметкер оқытудан өтті, өз Оқу-курстық комбинатымызда 3 267 қызметкер оқытылды, оның ішінде 2 218-і аралық оқыту нысаны бойынша білім алды. «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тасымалдау жүйесінде апатсыз, өнімділігі жоғары жұмыс пен жоғары техникалық сенімділікті қамтамасыз ету үшін өзінің кадрлық құрамында еңбекті ынталандыруды күшейту саласында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осыған байланысты а.ж. шілде айында «Үздік маман - 2016» жұмысшылардың кәсіби шеберлігінің байқауы өткізіліп, оған 15 конкурстық кәсіп бойынша 102 үміткер қатысты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Үздік маман-2016» конкурсы «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін тағы да дәлелдеді.

Қорытындысында Еркін Қасеев ұжымға жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ жоғары өндірістік және қаржылық көрсеткіштер, барлық жобаларды табысты жүзеге асыру жоғары кәсіпқой әрі жаттыққан команда болмаса, корпоративтік және әлеуметтік жауапкершіліктің ең үздік стандарттары сақталмаса және қоршаған ортаны және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қорғау мәселелеріне баса көңіл аударылмаса, мүмкін болмайтындығын атап айтты.

Есептік кездесу барысында қызметкерлер Компания басшылығына өз сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу