Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Қазақстан мен Қытай жылына 5 млрд. текше метр көлеміндегі қазақстандық газды экспорттау туралы тарихи келісімге қол қойды. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ осы экспорттық операциядан түсетін жылдық түсім 1 млрд АҚШ доллары болады деп болжап отыр.
Тауарлық газды сатып алу-сату туралы келісімшартқа Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ мен «PetroChina International Company Limited» арасында қол қойылды. Келісімге сәйкес, тауарлық газды экспорттау осы жылдың 15-ші қазанында басталады. Газдың ресурстық базасы ретінде Қазақстанның батысындағы газ кен орындары және «ҚазТрансГаз» АҚ басқаруындағы жер асты газ қоймаларында жинақталған газ қоры айқындалып отыр. Қытай тарапының газды қабылдау алып пункті ретінде «Қорғас» шекара бекеті белгіленді.
Бұл келісімшартқа Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауарлық газды тасымалдау және транзит жөніндегі өзара тиімді әріптестік туралы үкіметаралық келісім алғышарт болды. Осы келісімге сәйкес Қазақстанның батыс өңірлеріндегі газ кен орындарында өндірілген тауарлық газды Өзбекстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге тасымалдау қарастырылған. Яғни, қыс мезгілінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен тұрақты қамтамасыз ету және Қытайға газ экспорттау мүмкіндігін арттыруға қол жеткізілді. Атап өтерлігі, екі ел үкіметтерінің бұл уағдаластығы газ компанияларының өзара қарым-қатынасына жаңа серпін беріп, өзара тиімді бағытта дамытуға жол ашты.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаев қазақстандық газды тасымалдаудың транзиттік және экспорттық бағыттарын әртараптандыру, сондай-ақ көгілдір отын экспортының көлемін ұлғайту - Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндет екенін атап өтті. «Қазақстандық газдың Қытайға экспортталуы екіжақты өзара тиімді қарым-қатынастарға, сондай-ақ жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту туралы Қазақстанның стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға қосылған үлес» - деп атап өтті Қайрат Шәріпбаев.
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ қоймаларын салу, пайдалану және қаржыландыруды жүзеге асырады.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі Тел: 7(7172) 55 23 16
22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|