"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес компаниялары «Танылған кемелділік» EFQM Еуропалық сапа сыйлығы сертификатын алды
25.01.2018

Бүгін «ҚазТрансГаз» АҚ-ына және Ұлттық оператордың еншілес үш компаниясына - «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ына, «Амангелді Газ» ЖШС-на, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-на «Танылған кемелділік» сертификаттарын табыстау рәсімі өтті. Сертификаттарды Халықаралық Сапа академиясының мүшесі, ҚР МемСТ сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігін растау жөніндегі аудитор, профессор Азат Абдрахманов табыстады.

«Танылған кемелділік» EFQM сертификаты «ҚазТрансГаз» компаниялар тобы Еуропада қабылданған басқару ісіндегі сапа стандартына сәйкес жұмыс істеуге ұмтылатынын білдіреді.

Сапа менеджментін бағалауды бұл компанияларда EFQM мүшелері жүргізді. Олар еуропалық қор әзірлеген әдістемеге сәйкес тоғыз өлшем: көшбасшылық; стратегия; персонал; әріптестік пен ресурстар; процестер, өнім мен қызметтер; тұтынушыларға арналған нәтижелер; персоналға арналған нәтижелер; қоғамға арналған нәтижелер; негізгі нәтижелер бойынша Ұлттық оператор мен оның еншілес компанияларының жұмысына талдау жасады.

«ҚазТрансГаз» АҚ «Танылған кемелділік» EFQM сертификатын алып, Кемелділік моделінің 3-ші деңгейіне ие болды. «Интергаз Орталық Азия» АҚ 4 жұлдызды «Танылған кемелділік» EFQM сертификатын алды (басқару жүйесін дамытуға және жетілдіруге, бизнес процестерін жаңғыртуға және бәсекелестікті арттыруға қосқан үлесі үшін). «Амангелді Газ» ЖШС және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС үш жұлдызды EFQM сертификатын алды.

Дәстүрлі түрде EFQM сертификаттарының иелері коммерциялық кәсіпорындар болып келсе, соңғы жылдары EFQM іскерлік кемелділік моделі жариялы сектор ұйымдарымен белсенді түрде қолданыла бастады. EFQM тарапынан жүргізілген сыртқы тәуелсіз бағалау осы сертификаттың номинанттарына өз жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарауға, өз жұмыстарының мықты, басым жақтарын білуге, сондай-ақ басқарудың тиімділігін арттыру үшін резервтерін бағалауға мүмкіндік берді.

Ақпарат үшін: EFQM Excellence Award (ЕЕА, EFQM Еуропалық Сапа Сыйлығы) — бизнестегі кемелділікке қол жеткізу үшін берілетін беделді еуропалық награда. Ол сапа саласындағы еуропа елдерінің көптеген ұлттық және өңірлік сыйлықтарының биігінде тұр. Конкурсқа қатысатын ұйымдар, өз алдына жұмыстың сапасын, бизнес-процестерді, басқару жүйелерін тұрақты жақсартып тұру мақсатын қояды. Еуропалық Сапа Менеджменті Қоры Еуропалық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басқару инструменттерін құру мақсатында AB Electrolux, British Telecommunications plc, Bull, Ciba-Geigy AG, C. Olivetti & C. SpA, Dassault Aviation, Fiat Auto SpA, KLM, Nestlé, Philips, Renault, Robert Bosch, Sulzer AG,Volkswagen қоса алғанда, жетекші Еуропалық кәсіпорындардың 14 басшыларын біріктірудің арқасында 20 жыл бұрын құрылған болатын. Осы бастама Еуропалық сапаны ілгерілету саясатын іске асыру шеңберінде Еуропалық Комиссияның қолдауын тапты. Осылайша EFQM Кемелділік Моделі әзірленген болатын. EFQM Кемелділік Моделі – өнімділікті жақсарту үшін 30 000 астам ұйым қолданатын Еуропадағы беделді сапа инструменті. Ол өзін-өзі бағалауға және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. EFQM мүшелерінің 84%-ы, оны ұйымды жақсартуға нақты ықпал ететін Модель деп растайды. Қордың штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Сертификаттың әрекет ету мерзімі – 2 жыл. Сыйлықтың ұйымдастырушысы мен құрылтайшысы Еуропалық сапаны басқару қоры (European Foundation for Quality Management, EFQM) болып табылады. Қор 750-ден астам әртүрлі еуропалық ұйымдардың әріптестігін білдіреді, олардың әрқайсысы тиімділікті арттыруға және бизнесте кемелділікке қол жеткізуге ұмтылады. 2001 жылдың аяғында EFQM сарапшылары олардың көлемдеріне, айналымдары мен қызмет салаларына — Кемелділік деңгейіне (Levels of Excellence) қарамастан, сапа саласындағы ұйымдардың табыстарын тану жүйесін әзірледі. Еуропалық сапа сыйлығы EFQM Кемелділік деңгейінің жоғарғы сатысы болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз ҰК АҚ құрамына кіреді) отандық және шетелдік газ нарығында да мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдайтын компаниясы болып табылады. Компания магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тауарлық газ тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарыққа газ сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу