"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ 2017 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
28.02.2018

Астана қаласында «Интергаз Орталық Азия» АҚ басшылығының («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) 2017 жылғы қызмет қорытындылары бойынша еңбек ұжымымен есептік кездесуі болып өтті.

Бас директордың Бірінші орынбасары Мұхатай Шаңбатыров есептік баяндама оқып, «Интергаз Орталық Азия» АҚ мұнай және газ өнеркәсібіндегі 2017 жылғы қиын макроэкономикалық жағдайға қарамастан, «ҚазТрансГаз» АҚ тобындағы ең тұрақты компания болып табылатындығын атап өтті.

Магистральдық газ құбырларының желілерін тиімді пайдалану, сондай-ақ барлық алға қойылған мақсаттарды іске асыру 2017 жылы Компанияның газ тасымалының нақты көлемін 2016 жылғы 66, 8 млрд. текше м. қарағанда 76, 6 млрд. текше м. өсуін, оның ішінде газ экспортының 2016 жылғы 13, 3 млрд. текше м. қарағанда 2017 жылы 16,7 млрд. текше м. өсуін; халықаралық транзиттің 2016 жылғы 41,2 млрд. текше м. қарағанда 2017 жылы 46,9 млрд. текше м. өсуін қамтамасыз етті.

2017 жылғы мамырда Компания 127,8 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі еурооблигациялардың қалған көлемін өз қаражаты және ЕҚДБ-дан 80 млн. АҚШ доллары сомасында кредиттік қарызды тарту есебінен өтеді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ белсенді инвестициялық саясатты жүргізіп келеді және тұрақты негізде табиғи газдың халықаралық транзитін қамтамасыз етуге және құбыр жүйелерінің қолда бар активтерін едәуір тиімді пайдалануға арналған отандық магистральдық газ құбырларының желілерін жөндеу мен жаңғырту бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады.

Күрделі салымдардың айтарлықтай бөлігі 2017 жылы жаңа өндірістік объектілерді салуға жұмсалды:

• «Қараөзек» КС іске қосу – бұл «Бейнеу-Шымкент» МГҚ өнімділігін жылына 6-дан 10 млрд. текше метрге дейін немесе сағатына 1 140 мың текше метрге дейін арттыру. Қазіргі уақытта «Қараөзек» КС бірдей уақытта ҚХР-ға сағатына 750 мың текше м. дейінгі көлемде газ экспорттауды және Өзбекстаннан газ жеткізудің жиі тоқтап қалулары жағдайында тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін оңтүстік өңірлерге ішкі тұтыну үшін сағатына 500 мың текше м. дейінгі көлемде газ жеткізуді қамтамасыз етеді; • «Бозой» ЖАГҚ газ құрғату қондырғысы;

• «Бозой» ЖАГҚ-да кезеңін 350-ден 150 күнге дейін төмендете отырып газды маусымдық айдау мен іріктеуді жылына 1,6-дан 3 млрд. текше м. дейін арттыру;

• «Бұқара-Орал» МГҚ өткізгіштік қабілетін жылына 6-дан 10 млрд. текше м. дейін, «БГА-ТБА» МГҚ жылына 6,5-тен 9,5 млрд текше м. дейін арттыру арқылы экспортқа қосымша маршруттарды қамтамасыз ету;

• «Жаркент» АГТС салу мен пайдалануға беру Алматы облысы Панфилов ауданы Үшарал және Шолақай ауылдық округтерін газдандыруға мүмкіндік туғызды, бұл аудандағы шағын және орта бизнесті, өнеркәсіпті дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының ашылуына тың серпін берді.

2017 жылды қорытындылай келе, М. Шаңбатыров Компания қызметінің экологиялық аспектілерін де тиімді басқаруға мүмкіндік беретін интеграцияланған менеджмент жүйесінің табысты жұмыс істеп жатқандығын атап көрсетті. Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қауіпсіздік деңгейін көтеру, өндірістегі оқиғалардың алдын алу бойынша бағдарламаларды іске асыру жалғасуда. Есептік кезең нәтижелері көрсеткендей, кешендік сақтандыру шаралары, сондай-ақ корпоративтік стандарттар мен заманауи тәжірибелерді енгізу есептік кезеңде ең төменгі деңгейге жеткен жазатайым жағдайлардың нәтижесінде зардап шегушілер санын азайтуға мүмкіндік береді. Осымен қатар, халықаралық стандарттар ұғымындағы сапаны жаппай жақсарту Компанияның басты назарында. Мұның нәтижесі «Танылған жетілдіру» 4 жұлдыз» деңгейіндегі EFQM кемелділігінің Еуропалық моделіне сәйкес, жақсарту жобалары жөніндегі сертификатты алу болды.

Әлеуметтік және кадрлық саясат мәселелеріне ойыса келе, Бас директордың Бірінші орынбасары Компанияның өзекті ресурстары оның қызметкерлері болып табылатынын атап өтті. Дәл осы қызметкерлердің білімдері, тәжірибелері мен уәждемелері керемет нәтижелерге қол жеткізуге және болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Компания әрбір қызметкердің лайықты жалақы мен әлеуметтік кепілдіктерді алуы, сондай-ақ кәсіби және тұлғалық өсуге мүмкіндік алуы үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерге некеге тұруы, баланың туылуына байланысты материалдық көмек, жақын туысының қаза болуына байланысты және еңбек демалысына екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде көмек көрсетіледі. 2017 жылға көзделген тоқсандық сыйлықақы төлемдерінен бөлек, «Наурыз мейрамы», «Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күні» және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің күні» мерекелерінде сыйлықақылар берілді.

2017 жылы біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша Компанияның 10 229 қызметкері оқытылды, оның ішінде 9 354 қызметкер өз Оқу-курстық комбинатының базасында оқытылды. 2016 жылға қарағанда 676 қызметкерге артық оқытуға мүмкіндік берген аралық оқытудың ұйымдастырылуын үлкен жетістік деп есептеуге болады.

Сондай-ақ компанияның кадрлық саясатын іске асыру шеңберінде 2017 жылы мынадай бірқатар іс-шаралар өткізілді:

1) 2017 жылғы сәуірдің 17-сі мен 20-сы аралығында Шымкент қ. «Оқу-курстық комбинаты» филиалында және «Шымкент» МГҚБ-да «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Үздік маман - 2017» жұмысшылардың кәсіби шеберлігі конкурсының соңғы туры өтті. Бұл іс-шара 15 конкурстық кәсіптер мен 102 қатысушының басын қосты. Конкурстың қорытындысы бойынша 45 жүлдегер анықталып, бір күнтізбелік жылға Компания қаражатының есебінен әрбір мамандық бойынша тарифтік мөлшерлемеден мынадай көлемдерде қосымша төлем белгіленді:

- бірінші орын үшін – Тарифті мөлшерлемеден 30 пайыз көлемде қосымша төлем

- екінші орын үшін – Тарифті мөлшерлемеден 20 пайыз көлемде қосымша төлем

- үшінші орын үшін – Тарифті мөлшерлемеден 10 пайыз көлемде қосымша төлем

2) 2017 жылғы шілдеде Астанада барлық құрылымдық бөлімшелердің 100 жас қызметкерлерімен бірге «Компанияны дамытудағы жастардың рөлі» тақырыбында «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бірінші жастар слеті өтті. Слет шеңберінде әріптестермен қарым-қатынас және ынтымақтастық, тәжірбие алмасу, орталық аппараттың жетекші мамандарымен, газ тасымалдау саласындағы ардагерлермен жастардың ашық еркін диалогы үшін бейресми еркін алаңда «Дөңгелек үстел» өтті.

3) Компания «Интергаз Орталық Азия АҚ қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-мен бірге әлеуметтік қолдау шеңберінде, Компания қаражатының есебінен 820 қызметкерге «EXPO-2017» мамандандырылған көрмесіне барып танысуға мүмкіндік берді. Мұндай мүмкіндік өндіріс ардагерлері мен озаттарына, көпбалалы және аз қамтылған қызметкерлерге, «Үздік маман» конкурсының қатысушылары мен жүлдегерлеріне, жас мамандарға, оның ішінде Бірінші жастар слетінің қатысушыларына берілді.

4) 2017 жылдың тамызында Атырау қаласында «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбырының 50 жылдығын атап өтіп, онда Компания қызметкерлерінің, сондай-ақ жұмыс істемейтін зейнеткерлерінің қатарынан газ саласындағы ардагерлер шақырылып, марапатталды.

Есептік баяндаманы жалғастыра келе, М. Шаңбатыров еңбек тәртібінің жағдайы, өндірістік жарақат және кәсіби аурулар туралы мәселелерді қозғай отырып, қызметкерлердің еңбек тәртібі нормаларын толығымен сақтайтынын атап айтты. Филиалдарда санитарлық қадағалау, медициналық бақылау, лауазымды тұлғалармен қызметкерлердің денсаулығын сақтау және нығайту мәселелерін регламенттейтін ҚР санитарлық-медициналық заңнамасының, құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылау, жұқпалы және кәсіби аурулардың алдын алу, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шараларды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою үшін бақылауды жүргізу жүзеге асырылады.

Соңында, Бас директордың Бірінші орынбасары М. Шаңбатыров бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында, 2017 жылы жоғары нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Директорлар кеңесі мен Компания Басқармасы барлық мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды назарға ала отырып, Компанияны әрі қарай дамытуға және капиталының өсуіне бағытталған, таңдалған Даму стратегиясын ұстанатын болады.

Әрі қарай отырыс диалог түрінде өтті. Отырысқа бейнеконференцбайланыс арқылы қатысқан компания филиалдарының басшылары қол жеткізген қорытындылары туралы, проблемалық мәселелерді және қызметкерлердің атынан ұсыныстарын атап өтті. М.Шаңбатыров барлық сұрақтарға толық жауап қайтарып, тиісті тапсырма берді, сондай-ақ ұжымға жемісті жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, корпоративтік және әлеуметтік жауапкершіліктің үздік стандарттарын сақтамай, жоғары кәсіби және үйлесімді командасыз барлық жобаларды табысты іске асыру мүмкін еместігін тағы да бір рет атап өтті.

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу