"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГАЗ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ
17.11.2017

 Бүгін Байқоңыр қаласында шаһар нысандарын Қазақстанның газбен қамту жүйесіне қосуға арналған салтанатты шара өтті. Оған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қатысты. 

Осыған дейін сұйытылған газ пайдаланып келген Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін бұл - айтулы оқиға. Табиғи көгілдір отынға көшудің артықшылықтары айқын – табиғи газды тұрмыста пайдалану әлдеқайда қолайлы әрі қауіпсіз, өзге отын түрлерімен салыстырғанда бағасы да айтарлықтай арзан. Қалаға табиғи газ берілуі - шағын және орта бизнесті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, яғни әлеуметтік-экономикалық өсімге жол ашылады.  

Алғашқы 6 тұрғын үйден өзге, 6 мектеп пен 1 бала бақша көгілдір отын құбырына жалғанды. Газ автономды қазандықтарға да берілуде. 

Байқоңыр қаласын Қазақстанның табиғи газына қосу үшін ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымды толығымен салды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырынан «Байқоңыр» автоматтандырылған газ тарату станциясына (АГТС) дейін ұзындығы 4 шақырымдық бұрма газ құбыры салынды. Ал АГТС-тен қалаға дейін ұзындығы 10 шақырым жеткізуші газ құбыры төселді. Қала ішіндегі құбырлардың ұзындығы 33,5 шақырымнан асады. Қалада 20,6 мың абонентті газ құбырына қосу жоспарланып отыр, бұл – 300 аса көппәтерлі үй.

Биыл маусым айында өткен «Байқоңыр» кешені жөніндегі Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысында, «ҚазТрансГаз» АҚ, Қызылорда облысының әкімдігі, Байқоңыр қаласыныі әкімшілігі, «ЦЕНКИ» ФҰББ арасындағы ынтымақтастық арқасында қаланы газдандыру сызбасы бекітілді.

19 қазанда Астанада Байқоңыр тарихында тұңғыш рет «Газ шаруашылығы» қалалық біртұтас мекемесі, «ҚазТрансГаз» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында келісімге қол қойылды. Келісім негізінде қаладағы нысандар табиғи газ тұтына бастады. 

Байқоңыр қаласын газдандыруға арналған жұмыстар 2014 жылы бастау алды. Сол жылы қараша айында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырынан «Байқоңыр» автоматтандырылған газ тарату станциясына дейінгі бұрма газ құбырының құрылысы басталды.

Бұл нысан ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» жүзеге асырған «Қызылорда облысының 5 елді мекенін газдандыру» ауқымды инвестициялық жобасының аясында тұрғызылды.

Анықтама:

«Қызылорда облысының 5 елді мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы 2013 жылы Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында қол қойылған  меморандум шеңберінде жүзеге асырылды. Жоба аясында Байқоңыр мен Арал қалалары және Шиелі, Жаңақорған, Әйтеке би кенттерінде 5 АГТС пен көшеаралық газ құбырлары салынды. Осының арқасында өңірдің 200 мыңға тарта тұрғыны табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Байқоңыр қаласы жылына орта есеппен 1650 тонна сұйытылған газ пайдаланады.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу