Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2017 жылдың қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрлерінің көрсеткіштерін елеулі ұлғайтты.
Аудиторлық есептемеге сай «ҚазТрансГаз» АҚ-ның шоғырландырылған кірісі өткен жылы 662,4 млрд. теңгені құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 77,5 млрд. теңгеге жоғары. Бұл ретте «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының есепті кезеңдегі таза пайдасы 74,8 млрд. теңгені құрады, ол жоспарланғаннан 23 млрд. теңгеге артық.
2017 жылы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары республика бюджетіне жалпы сомасы 60,3 млрд. теңгеге салық және басқа да міндетті төлемдер төлеген.
Магистральдық газ құбырларымен газ тасымалдау көлемі, 2016 жылмен салыстырғанда, 12,7 млрд. текше метрге өсіп, 100,9 млрд. текше метр газды құрады. Бұл ретте газды экспортқа тасымалдау 34 пайызға ұлғайды және 17,7 млрд. текше метрді құрады, ішкі газ тасымалы 1 млрд. текше метрге ұлғайып, 17,4 млрд. текше метрді құрады. Ал халықаралық газ транзиті 65,8 млрд. текше метрді құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 7,5 млрд. текше метрге артық.
2017 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемі 76,6 млрд. текше метрді құрады, олардың ішінде халықаралық газ транзитінің көлемі - 46,9 млрд. текше метр, ішкі газ тасымалдау көлемі - 12,9 млрд. текше метр, газды экспортқа тасымалдау көлемі - 16,7 млрд. текше метр.
Ұлттық оператор меншігіндегі газ кен орындарында табиғи газды өндіру көлемі 2016 жылғы 327 млн. текше метрден 344 млн. текше метрге дейін ұлғайтылды.
Әлеуметтік бағдарланған компания ретінде Ұлттық оператор ішкі нарықта тұтынылатын тауарлық газды өзіндік құнынан төмен бағамен жеткізіп келеді. Яғни тұрғындар қызметтің басқа түрлері есебінен дотцияланатын газды пайдалануда. 2017 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ ішкі нарықтағы газ операцияларын 57,6 млрд. теңгеге дотациялады, ал 2015-2017 жж. Кезе ңіндегі дотация сомасы 167,7 млрд. теңгені құрады.
«ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ қоймаларын салу, пайдалану және қаржыландыруды жүзеге асырады.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|