Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
ҚР Конституциясының күні мен елдің мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында «ҚазТрансГаз» АҚ орталық кеңсесінде онлайн режимде салтанатты жиналыс болды. Ұлттық оператор ұжымын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев құттықтады.
Ол өз сөзінде, Конституция күні басты мемлекеттік мерекелердің бірі екендігін, себебі Ата Заңымыз – еліміздің негізгі заңы және дәл осы құжат Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз болды деп атап өтті. Конституция, ел дамуының құқықтық іргетасына айналып, мәңгілікке біздің басты құндылықтарымыз – тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты бекіткендігін айтты.
Әріптестерді кәсіби мерекесімен, Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен құттықтай отырып, Қайрат Шәріпбаев осы жылы мереке отандық газ саласының 60 жылдығымен тұспа-тұс келгендігін еске салды.
«Біршама жұмыс атқарылды, бірақ алдыда бізді одан да биік белестер күтіп тұр! Біз аға буын әріптестеріміздің ісін жалғастырамыз – отандастарымыздың үйлеріне жылу мен жайлылық әкелеміз және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Бүгінгі күні қазақстандық газ саласын мұнай-газ секторының алға тартар алпауыт күші деп лайықты атап жүр. Бірнеше жыл қатарынан газшылар, өндірістік те қаржылық та ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді» - деді Қайрат Шәріпбаев.
Ол сонымен қатар, бірнеше жыл бұрын, қаржылық дағдарыстың шарықтау уақытында отандық газ саласының қиындықтары шешілместей көрінген, дегенмен, дәл сол дағдарыстағы іс-әрекеттер саланың дамуына жаңа серпін, жаңа бағыттар әкелгенін атап айтты.
Қазақстанның газ саласын дамытуда маңызды қадамдардың бірі Қытайға отандық газды экспорттаудың басталғандығы. Қазіргі уақытта ҚХР-ға жылына 10 млрд. текше метр газ жеткізу туралы шартқа қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қайрат Шәріпбаев, сонымен қатар «Fitch Ratings» халықаралық агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ мен еншілес кәсіпорындарының ұзақ мерзімді рейтингін «BB »-дан «BBB-»-ге бағасын ауыстыра отырып, болжамды «тұрақты» деңгейге көтергендігін жетістік деп бағалады.
2018 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыстың негізгі да қорытындылары шығарарылды. Қайрат Шәріпбаев газшылардың осы жылы жаңа рекорд жасағандығына тоқталып өтті.
«ҚазТрансГаз 83 млрд. теңге мөлшерінде шоғырландырылған таза пайда түсірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39 млрд. теңгеге немесе 88%-ға жоғары. Бұл «ҚазТрансГаз» бірінші жарты жылдықта елдің бюджетін салықтар мен өзге де төлемдер түрінде 38 млрд. теңгеден астам сомаға толықтырғандығын білдіреді. Осындай жоғары нәтижелерге газ өткізу көлемінің - 13.7 млрд. текше метрге өсуі есебінен қол жеткізілді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41%-ға жоғары. Газ экспорты өсуде. Бұл ретте отандық газ саласында үлкен әлеует және одан әрі дамыту үшін мүмкіндік бар» - деді Қайрат Шәріпбаев.
Ол, қазіргі таңда мұнай-газ өнеркәсіптерінде өндірілетін ілеспе газды пайдалану жоспарында жағдайды өзгерту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Бұған қоса газды қабаттарға кері айдағанның орнына осы газды ішкі нарықты қамтамасыз ету және экспортқа жеткізу үшін пайдалану анағұрлым перспективалы және тиімді болатындығына тоқталып өтті.
Қорыта келе, Қайрат Шәріпбаев, компанияның барлық жетістіктері қызметкерлердің, олардың кәсібилігі мен тәжірибелерінің арқасында болғандығын айтып өтті.
«Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Осы фактіні терең сезінген біздің ұжым тату-тәтті отбасы мүшелеріндей қызмет етуде және бұл «ҚазТрансГаз» компаниялар тобының жарқын болашағының кепілі.
Осы салтанатты күні барлықтарыңызға және әрқайсысыңызға жоғары кәсібилік, іске деген шынайы қарым қатынастарыңыз, адалдықтарыңыз, еңбексүйгіштіктеріңіз бен құзыреттіліктеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін» - деді Қайрат Шәріпбаев.
Осы жылы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялары тобының еселі еңбегімен ерекше көзге түскен 164 қызметкеріне ведомстволық наградалар, медальдар мен құрмет грамоталары тапсырылды.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|