"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
29.08.2018

Астанада «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Валентин Хван еңбек ұжымының алдында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған қызмет нәтижелері туралы есебін ұсынды.

Бірінші жартыжылдықта газ тасымалдау көлемі бөлігіндегі өндірістік бағдарламаның орындалуы 35 913 млн. текше м. жоспарда 39 171 млн. текше м. немесе жоспарға 109 %-ды құрады.

Магистральдық газ құбырлары мен ЖАГҚ объектілеріндегі негізгі және көмекші жабдықтарды күрделі жөндеу толық көлемде орындалды, бұл ретте қорытынды таза пайда көрсеткіші 13 %-ға өсті.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ-дағы 3 КС құрылысын салу тәрізді барлық стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды белсенді іске асыру жалғасуда. Жобаны іске асыру газ құбырының өткізгіштік қабілетін жылына 15 млрд. текше м. дейін арттыруға, елдің оңтүстік өңірлеріне газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге және жыл сайын, әсіресе жылыту маусымы кезеңінде өсіп отырған га қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа КС ҚХР-ға экспорттық жеткізулерді арттыруға ықпал етеді.

«Бозой» ЖАГҚ-да газ сақтау қуатын арттыру бойынша тағы бір жоба елдің оңтүстік өңірлеріне, әсіресе тұтынудың шыңдық кезеңдерінде үздіксіз жеткізулерді қамтамасыз етуге, Қазақстан Респукбликасының бүкіл газ тасымалдау жүйелерінің сенімділігін ұлғайтуға бағытталған, бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

- «TIP-02 Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық станциясының екінші іске қосу кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл жоба ҚХР-ға экспорттау үшін «БГА-ТБА» МГҚ өткізгіштік қабілетін арттыруды және Алматы қ. газбен үздіксіз қамтамасыз етуді көздейді.

Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік саласындағы қызмет нәтижелеріне тоқтала келе, Валентин Хван компанияның барлық өндірістік филиалдары қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша қызметін ерікті сақтандырудан өткендігін және «Сенім сертификаттарының» иегерлері екендігін атап өтті. Бұл сертификат еңбек заңнамасының талаптарын сақтай отырып, еңбекті қорғау саласында компанияның жүйелі жұмыс істейтіндігін дәлелдейді. Компанияның еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін қауіпсіз еңбек жағдайларын құру мәселелерін барынша ұстануы ағымдағы жылдың мамыр айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бас директорларының форумында атап өтілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Уолтон Кристофер Джон «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ға еңбекті қорғау саласындағы үздік көрсеткіштері және «ҚазМұнай-Газ» ҰК АҚ еңбекті қорғау мәселелері бойынша 19-шы жыл сайынғы директорлар кеңесін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін арнайы награданы табыс етті.

Компанияның кадрлық саясатын іске асыру шеңберінде, есептік кезеңде 5 814 қызметкер оқытылды. Өз оқу-курстық комбинатының базасында қызметкерлер курстық және қашықтықтан оқытудан өтті, сондай-ақ бөлімшенің орналасқан орнына мұғалімнің барып оқытуы ұйымдастырылды.

Биылғы жылы Оқу комбинаты алғаш рет «Газ қаупі бар және отпен жұмыстарды жүргізу», «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор» нысаналы бағыттарындағы курстар бойынша вебинарлар ұйымдастырып, онда 140 адам оқытылды. Сыртқы оқу орталықтарында компанияның 551 қызметкері оқытудан және біліктілігін арттырудан өтті.

Ағымдағы жылдың маусым айында «Үздік маман-2018» кәсіби шеберлік конкурсының финалдық туры өтіп, оған 15 жұмыс мамандықтары бойынша 177 қызметкер қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша 45 жүлдегер анықталып, оларға компания қаражаты есебінен бір күнтізбелік жылға тарифтік мөлшерлемелеріне үстеме ақы бекітілді.

Есептік кезең ішінде «SHL-Қазақстан» тәуелсіз халықаралық компаниясымен бірлесіп компанияның кадрлық резервін іріктеу бойынша елеулі жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға 441 қызметкер қатысып, олардың 387-сі іріктеу критерийлеріне сәйкес бағалауға жіберілді. Қорытындысы бойынша, Комиссия шешімімен компанияның кадрлық резервіне 132 қызметкер енгізілді. Дайындық деңгейі жоғары 27 резервтегі қызметкердің кандидатуралары бос мақсатты лауазымдарға қаралу үстінде.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ әлеуметтік саясатын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 5 ақпанында Қызметкерлердің және оның отбасы мүшелерінің науқастану жағдайларын ерікті медициналық сақтандыру бойынша шарт жасалды, бұл қызметкерлерге жайлы жағдайларда жоғары сапалы медициналық көмек алуға, ең заманауи медициналық технологияларды қолданып емделуге және диагностиканың қымбат түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қызметкерлер үшін жыл сайын санаторлық-курорттық емделулер мен балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінде балаларының демалуы ұйымдастырылады.

Жартыжылдықты қорытындылай келе, Валентин Хван компанияның ерекше маңызды әрі жоғары жетістігін атап айтты. Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор мәртебесін алды. Жаңа ұлттық оператордың негізгі міндетіне тауарлық газды ішкі және сыртқы нарықтарға магистральдық газ құбырларымен тасымалдау кезінде мемлекет пен басқа да қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Одан бөлек, компания магистральдық газ құбырлары жүйелерінің инновациялық дамуын және оның әлемдік энергетикалық жүйеге интеграциялануын қамтамасыз ете отырып, тауарлық газ ағынын әртараптандыру арқылы мемлекеттің энергетикалық әлеуетін арттырады. Ұлттық оператор газ құбырлары бойынша бағыттарға экспорттық бағыттар арасында тауарлық газды тасымалдау және магистральдық газ құбырларына қосылған ішкі тұтынушыларға тауарлық газды тасымалдау режиміндегі сенімді теңгерімді қамтамасыз етуді жалғастырып, магистральдағы қысқы шыңдық жүктеме уақытында дер кезінде қызмет көрсетеді.

Өз баяндамасын аяқтай келе, Валентин Хван бүкіл еңбек ұжымын ҚР Конституциясы күнімен және Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесімен құттықтады.

«ҚазТрансГаз» АҚ холдингінің құрамындағы «Интергаз Орталық Азия» АҚ елдің мұнай-газ кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің жетістіктеріміздің негізінде біздің қуатты да ұйымшыл ұжымымыздың әрбір қызметкерінің жеке үлесі жатыр. Сіздерге табанды еңбектеріңіз, жоғары кәсіпқойлықтарыңыз және өз ісіне берілген адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді», – деді Валентин Хван.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ ерекше танылған 76 қызметкеріне мерекенің құрметіне ведомстволық наградалар, медальдар, естелік белгілер мен құрмет грамоталары табыс етілді.

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу