Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
2018 жылғы 12 қазанда Пекин қ. «ҚазТрансГаз» АҚ мен «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында 2019 жылдан бастап жылына 10 млрд. текше метрге дейін қазақстандық газ экспортын арттыру туралы ұзақ мерзімді 5 жылдық келісімшартқа қол қойылды.
Бұған дейінгі 5 млрд текше метр газ экспорты жөніндегі бірінші келісім толық көлемде орындалды.
Тараптар бірлесіп атқарылған жұмысты және Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің технологиялық мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
«Отандық газдың экспортын екі есеге арттыру елдің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясының және екі мемлекет басшылары қол қойған Келісімнің арқасында мүмкін болып отыр»,- деп атап өтті «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев.
Келісімшартқа қол қоюға Үкімет пен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының тыңғылықты дипломатиялық жұмысы, сондай-ақ қазақстандық газ тасымалдау жүйесінің жүйелі жаңғыртылуы себеп болды.
Жақын уақытта «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының өткізу мүмкіндігін жылына 10 млрд. текше метрден 15 млрд. текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық үш компрессорлық станция пайдалануға берілмек. Осылайша біз қазақстандық газ құбырларының өткізу мүмкіндіктерін арттырып жатырмыз. Біз еліміздің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеміз және газ экспортын арттыруға қауқарлымыз. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, Қытайға экспортталатын газ көлемін 10 млрд. м3 көбейту арқылы елімізге 2 млрд. доллардан астам валюталық түсім түседі», - деді Қайрат Шәріпбаев.
Ұлттық оператор түскен табыс есебінен отандық газ тұтынушыларын қолдауға, 560 млрд. теңге көлеміндегі кредиттік портфельге қызмет көрсетуге, өзінің ресурстық базасын арттыруға және газ тасымалдау жүйесін одан әрі жаңалауды жалғастыруға мүмкіндік алады.
«ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысы бойынша, 693 млрд. теңге пайда түсірді. Компаниялар тобының шоғырландырылған таза пайдасы 118,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы кезең көрсеткішінен 72,4 млрд. теңгеге немесе 156% жоғары.
Бүгінде «ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің ең ірі салық төлеушілерінің қатарында. Акционерлік қоғам 2018 жылы салық және өзге де төлемдер ретінде мемлекет бюджетіне 52,4 млрд. теңге аударды. Компания 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Қазақстандық газды тасымалдау туралы Қытай тарапымен жасалған келісімшарт отандық газ саласының дамуының жаңа дәуірінің бастамасы болмақ.
"«ҚазТрансГаз" АҚ мемлекттің мүддесін отандық газ нарығында, сондай-ақ шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық тарнзитті қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|