Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
5-19 қазан аралығында Қытай Халық Республикасының Ланфан және нанкин қалаларында магистральдық газ құбырлары операторларының арасында SINO-PIPELINE International Company Limited IV кәсіби шеберлік конкурсы болып өтті.
Іс-шараға SEAGP (South-East Asia Gas Pipeline Company Limited), «Asia Trans Gas» ЖШҚ БК, «Азиялық газ құбыры» ЖШС және «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС тәрізді қытайлық және бірлескен қазақстандық компаниялардан 6 команда қатысты.
«Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС-ның өз өндірістік персоналының болмауына байланысты, конкурста оның оның абыройын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын пайдалану мен оған техникалық қызмет көрсетуді шарттық негізде жүзеге асыратын Ұлттық оператор «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) алты қызметкері қорғап шықты.
Конкурс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең газ тасымалдау саласындағы жұмыстардың дағдыларын үйретуді, ал екінші кезең теориялық білімін тестілеуді, жеке және командалық практикалық тапсырмалар орындауды қамтыды.
Дәстүрлі түрде нәтижелерді бағалаудың негізгі критерийлері орындалған жұмыстардың саны мен сапасы, білікті әрі қауіпсіз әдістер мен еңбек тәсілдерін қолдану, теориялық дайындық деңгейі, техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша анықталды.
Беделді әділқазылардың шешімі бойынша жалпы командалық сайыста құрметті 3-ші орынды қазақстандық газшылар иеленді. Жеке конкурстық тапсырмаларды орындауда «Температура датчигін тексеру және ауыстыру» аталымында 2-ші орынды «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе филиалының «Бозой» КС-1 жөндеу жөніндегі жетекші инженері Құбығұл Жаекешов олжалады. Ол сонымен қатар теория бойынша тестілеуде 3-ші орынға ие болды.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Конкурсты ұйымдастырушылар атап өткендей, қазақстандық газшылардың деңгейлері өте жоғары. Команда лайықты өнер көрсетіп, өздерінің кәсіби білімдерін теорияда да, практикада да көрсете білді. Халықаралық конкурс деңгейінде үштіктер қатарына кіру керемет нәтиже.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|