Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ мен оның «негізгі» еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) эмитентінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін арттырды. Бұл бас компания «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) рейтингі «ВВ»-ға дейін арттырылуына байланысты қадам. Өзгеріс болжамы - «Тұрақты».
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ- және мұнай құбырлары ұлттық операторлары «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (ҚТГ) және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (ҚТО) тікелей меншік иесі болып табылады.
Осы еншілес компаниялар жалпы алғанда топ тәуелді болатын тәуекелдерге тап болатынына қарамастан, бас компанияның кредиттік сапасын жақсарту еншілес компаниялардың рейтингіне қатысты ықтимал қысымды әлсіретті. Нәтижесінде ҚТГ мен ҚТО-ның ұзақ мерзімді корпоративтік рейтингтері тұрақты болжаммен «ВВ-»-дан «ВВ»-ға дейін арттырылды.
Сонымен қатар, еншілес компаниялар бас компанияның рейтингінен жоғары рейтингке ие бола алмайды, себебі, ҚТГ мен ҚТО-ны бас құрылымнан оқшаулауға мүмкіндік беретін тиімді тетіктер жоқ, ол еншілес компанияларды ҚМГ тарапынан жұмысына әлеуетті келеңсіз араласудан қорғамайды.
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі қаржылық стресс жағдайында топ атынан ҚТГ уақтылы әрі экстраординарлық қолдау көрсету ықтималы «шамалы жоғары» деп санайды. Агенттіктің мәлімдеуінше, осындай қолдау, ең алдымен, бас компаниядан емес, тікелей үкіметтен берілетін болады.
2018 жылдың қазан айында ҚТГ және PetroChina International. Ltd. компаниясы алдағы бес жыл ішінде жылына 10 млрд текше м. көлемінде газ сатып алу және сату туралы бірлескен келісімге қол қойғандығын естеріңізге сала кетейік. Газ сату бойынша операциялар ҚТГ топтары үшін тиімді болып табылады; қазіргі уақытта сатып алынатын газдың бағасы ҚТГ үшін, оның ұлттық оператор мәртебесіне байланысты салыстырмалы түрде жоғары емес, сондықтан газды экспорттық сату бойынша компания кемінде 20% деңгейінде EBITDA бойынша табыс табады деп күтілуде.
Газ сатудан түсетін қосымша ақшалай түсімдер, S&P Global Ratings компаниясының пікірінше ҚТГ тобы деңгейінде кредит төлеу қабілеттілігінің тұрақты көрсеткіштерін қолдап қана қоймай, ҚМГ шоғырландырылған тобының EBITDA көрсеткішіне оң әсерін тигізуіне жәрдем көрсетуі тиіс.
Сонымен қатар, S&P Global Ratings компаниясы ҚТГ сауда операциялары көлемінің артуына байланысты ҚМГ тобы үшін компанияның маңыздылығы өсті деп санайды. Қазіргі уақытта рейтингтік агенттік топтың операциялық қызметі және ҚМГ-мен қаржылай тығыз байланысын ескере отырып, ҚТГ-ны «жоғары стратегиялық маңыздылығы» бар ҚМГ еншілес компаниясы ретінде қарайды.
Ақпарат көзі: https://www.standardandpoors.com/ru_RU/web/guest/ratings/press-releases
«ҚазТрансГаз" АҚ – газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстанның ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|