![]() | Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
![]() | Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
![]() | Көшеров Даир Әділбекұлы |
![]() | Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
![]() | Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
![]() | Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторының компаниялар тобына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсында «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша гран-при сыйлығының иегері атанды.
«Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен марапаттау еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болып өтті.
Лайықты награданы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстан Республикасы газ тасымалдау жүйесінің ұлттық операторы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру – компанияның жұмысындағы ажырамас бөлігі, және оның қорытындысы бойынша жыл сайын экологияға жағымсыз әсерлер азайтылуда.
Соңғы бірнеше жыл ішінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ атмосфераға түсетін ластаушы заттардың және парниктік газдардың шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асырды.
Компания Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да қоршаған ортаның интеграцияланған менеджмент жүйесі жұмыс істейді, ИСО 14001 (МС ISO 14001:2004) халықаралық стандарттары енгізілген. Елдің газ тасымалдау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарының бірі «Оларды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру» болып табылады.
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газды және оның өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
24.02.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЭМИССИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША КӨШБАСШЫ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|