![]() | Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
![]() | Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
![]() | Көшеров Даир Әділбекұлы |
![]() | Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
![]() | Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
![]() | Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық операторы «Түркістан» компрессорлық станциясын пайдалануға қосты. Оның құрылысы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізу қабілеті жылына 10 млрд.м3-тен жылына 15 млрд.м3-ке дейін арттыру жөніндегі инвестициялық жобаның аясында іске асырылды.
Станцияны іске қосу салтанатты рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры В. Хван қатысты.
Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі:
«Түркістан» жоғары технологиялық компрессорлық станциясы Түркістан мен Қызылорда облыстарының аумағында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ магистралінің бойында биыл «ҚазТрансГаз» АҚ салған компрессорлық станциялардың бірі болып табылады. Осының алдында, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында, Ұлттық газ операторы «Арал» КС де іске қосқан болатын.
Жаңа станциялардың жұмысы газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық операторға жыл сайын өсіп отырған қажеттіліктерді жабу үшін, әсіресе жылыту кезеңіндегі ең көп жүктеме кезінде Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне газды іркіліссіз тасымалдау процесінің барынша сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда, республиканың оңтүстігінің көгілдір отынға деген қажеттілігі шамамен жылына 5 млрд текше метр газды құрайды.
Бұған қоса, «Орталық Азия - Қытай» трансазиялық магистральдық газ құбырына берілетін көлемдер айтарлықтай өседі, ол ҚХР-ға қазақстандық газды экспорттау көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Компрессорлық станцияларды салу кезінде пайдаланылған инновациялық жабдық, сондай-ақ көмекші жүйелер кешені, магистральдық газ құбырын пайдаланудың бүкіл кезеңінде қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан іркіліссіз тасымалдауды қамтамасыз ете алады.
Газ инфрақұрылымының жаңа объектілері магистральдық газ құбыры өтетін аудандарда тұратын қазақстандықтарды жұмыспен қамту проблемасын шешуге көмектеседі. Іске қосылатын компрессорлық станциялар, басқа да газ тасымалдау объектілері сияқты, оңтүстік өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуда маңызды рөлге ие болмақ.
Анықтамалық ретінде: «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ірі құбырлық жоба болып табылады және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл ойнайтын болады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-ны салудың арқасында Қазақстан 3 маңызды міндетті шешеді – оңтүстікке газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, елдің бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құру және қазақстандық газды сыртқы нарыққа экспорттауды арттыру.
Анықтамалық ретінде: "«ҚазТрансГаз" АҚ («ҚазМунайГаз» ҰК АҚ-ның құрамына кіреді) мемлекттің мүддесін отандық газ нарығында, сондай-ақ шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық тарнзитті қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
24.02.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЭМИССИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША КӨШБАСШЫ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|