"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ГАЗДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ КЕШЕНІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗІЛДІ
11.12.2018

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облысының Байғанин ауданында «Қожасай» кен орнында заманауи газды қайта өңдеу кешені пайдалануға енгізілді. Мемлекет басшысы елді Индустрияландыру күніне арналған дәстүрлі телекөпір кезінде тікелей эфир арқылы жаңа ірі зауытты  іске қосты.    

«Gas Processing Company» ЖШС-ның газды кешенді дайындау қондырғысы шикізат базасын ұтымды пайдалануға, ілеспе мұнай газын қайта өңдеуді ұлғайтуға және ауаға зиянды заттардың шығарылуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Жоба өңірдің экологиялық ахуалын жақсартады, облыстың экономикалық  әл-ауқатына айтарлықтай үлес қосады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзінде былай деді: «Бұл осы өңір халқы үшін өте қуанышты оқиға. Қазақстан мұнай мен газ өндіретін ел, сондықтанда біз үшін халықты газбен қамтамасыз ету - үлкен міндет.  Қазір, біз «Сарыарқа» газ құбырын салмақшымыз, осының барлығы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жасалуда. Мен, сіздерді өндірісті іске қосу қуанышымен құттықтаймын. Ақ жол!».

Инвестициялық жоба энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік саясаттың аясында, сондай-ақ елдің ішкі нарығын тауарлық және сұйытылған газбен толықтыру мақсатында  іске асырылды.

«Gas Processing Company» басшысы Болат Сақтағанов журналистерге былай деп толығырақ айтып өтті: «Бүгін елдің газ саласының ірі индустриялық жобаларының бірі іске қосылды. Зауыт озық заманауи талаптарға жауап беретін жаңа технологиялармен жабдықталған. Бұл зауыт елдің ресурстық базасын тауарлық газбен толтыруда маңызды рөл атқарады. Ұлттық оператор - «ҚазТрансГаз» АҚ ішкі және сыртқы нарықтарға газ тасымалдау үшін барлық қажетті инфрақұрылымды салды. 

Осы жобаға 42 млрд. теңге сомасында жеке инвестиция салынды. Сағатына 40 мың текше метр қуаты бар пайдалануға енгізілген газды кешенді дайындау қондырғысы ілеспе мұнай газын қайта өңдеуді  қамтамасыз етеді және  жылына 226 млн. м3 тауарлық газ, 37 мың тонна пропан-бутан қоспасын, 5,4 мың тонна газ конденсатын, 10,5 мың тонна түйіршіктелген күкірт алуға мүмкіндік береді. Жаңа газды қайта өңдеу кешені өнімінің 70 пайызы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбыры арқылы шетелге экспортталатын болады.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сөйлеген сөзінде: «Жаңа кәсіпорын өңірдің экологиясын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Бұл ретте, бұл жеке инвестициялар есебінен салынған Қазақстандағы жалғыз газ өңдеуші зауыт. Оны салу және пайдалану кезеңінде   1500 жұмыс орны құрылды, оның 250-і тұрақты жұмыс орны.  Бұл экспортқа бағдарланған кәсіпорын екендігін ескеруіміз қажет – өнімнің 70%-ы сыртқы нарықтарға жеткізілетін болады»,- деді.

7 жыл ішінде жаңа кәсіпорын, өңірлік және республикалық бюджетті 10 млрд. теңгеден астам сомаға салық түсімдерімен толықтырады деп жоспарланды. Өнім ішкі нарыққа жеткізілетін болады, сондай-ақ жақын  және алыс шетелге экспортталады. 

         

Gas Processing Company» ЖШС

баспасөз қызметі

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу