"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГАЗ ТАСЫМАЛДАУ ЖҮЙЕСІ АВАРИЯЛЫҚ ЖҮКТЕМЕГЕ ТӨТЕП БЕРДІ
25.02.2021

Ресей Федерациясының аумағындағы «Союз» магистральдық газ құбырындағы авариялық жағдайға және ресейлік газ транзитінің тоқтатылуына байланысты, Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ газ көлемінің толық жеткізілмегенін өтеу және Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұтынушыларын тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдады.

Бұл үшін «Құлсары», «Мақат», «Жаңақала» компрессорлық станцияларында жедел ауыстырып қосу жүргізілді, бұл газ ағындарын «Орта Азия – Орталық» магистралінен «Союз» және «Орынбор-Новопсков» газ құбырларына қайта бағыттауға мүмкіндік берді.

«ҚазТрансГаз» АҚ жұмыскерлері тез қабылдаған шаралар Батыс Қазақстан облысында 28 газ тарату станциясының, 2 газ турбиналы электр станциясының және 1 жылу энергетикалық станциясының, Атырау облысында 21 газ тарату станциясының, 1 жылу электр станциясының және 1 газ турбиналы электр станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, еліміздің жоғарыда аталған облыстарында тұтынушылардың барлық санаттары үшін тауарлық газды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры арқылы газ тасымалдаудың тұрақты режимін сақтау және Қазақстанның басқа өңірлерін үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық газ операторы «Бозой» жерасты газ қоймасынан газ іріктеуді ұлғайтты. Бұдан басқа, «Бұхара-Орал» газ магистралінің компрессорлық станцияларында қосымша 5 газ айдау агрегаттары іске қосылды.

«ҚазТрансГаз» АҚ-тың пайдалану бригадаларының жедел жұмысының арқасында Қазақстанның батыс өңірінде тауарлық газды жеткізу бойынша ешқандай шектеулер болған жоқ, газ тасымалдау жүйесінің барлық объектілері, сондай-ақ жылу және энергиямен жабдықтау объектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

08.09.2022
ГАЗШЫЛАР «ШЫМКЕНТ-4» ГТС-ТЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Әрі қарай оқу
08.09.2022
ГАЗШЫЛАР «ҚАРТАЛЫ-РУДНЫЙ» МГҚ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Әрі қарай оқу
01.09.2022
«САНЖАР ЖАРКЕШОВ «QAZAQGAZ» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СПАРТАКИАДАСЫН АШТЫ»
Әрі қарай оқу
24.08.2022
Қызылорда облысында газ құбырындағы апаттарды жою бойынша оқу-жаттығулар өткізілді
Әрі қарай оқу