"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА «МЕРКІ» АГТС ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
11.03.2021

 Жаңа газ тарату станциясы барлық жағынан ескі газ тарату станциясынан едәуір асып түседі әрі жылдың кез келген уақытында тұтынушыларға үздіксіз газ жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті.

Жамбыл облысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы құрылымына кіретін «Меркі» жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясының ресми іске қосылуы болып өтті.


Бұл іс-шара Меркі үшін және бүкіл Меркі өңірі үшін өте маңызды, өйткені әңгіме ескі нысанды жаңарту туралы емес, сенімділік пен өнімділік деңгейі жоғары мүлдем жаңа станция салу туралы болып отыр.
Ескі газ тарату станциясында аймақтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қуаттың мүлдем жетіспейтіндігінен және оның жабдықтарының физикалық тозуы жоғары болғандықтан, компания жаңа АГТС салу туралы шешім қабылдады.
Пайдалануға берілген жаңа «Меркі» АГТС-тің өткізгіштік қабілеті 30000 м3/сағатты құрайды, бұл өңірдің ең шыңдық кезеңдерінде де ағымдағы қажеттіліктерін толығымен жабады. Сонымен қатар, «БГА-ТБА» МГҚ екінші желісіне орташа қысымды газбен жабдықтау құбыры арқылы резервтік қосылудың арқасында, ИОА енді Меркі мен Меркі ауданының тұтынушыларына, тіпті газ құбыры желілерінің бірін жөндеу кезінде де үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ететініне кепілдік бере алады.

Жаңа «Меркі» АГТС әлеуметтік маңызы зор, ол Меркі ауданының 16 елді мекенін: Меркі, Ойтал, Сарымолдаев, Жамбыл, Ақтоған, Ақ арал, Интернациональная, Плогоягодная, Т.Рысқұлов, Сыпатай, Екпінді, Ойтал, Санаторный, Талдыбұлақ, Тұрлыбай, Қазақ дихан; 12 695 тұрғын үйді; 420 тұрғын үй-коммуналдық объектілерін және 33 өнеркәсіптік кәсіпорынды тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа АГРС қуаты көптеген экономикалық мүмкіндіктер береді, бұл ауданда шағын және орта бизнесті дамыту, бұл жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етеді.
Техникалық тұрғыдан жаңа АГТС барлық заманауи талаптарға сай келеді. Мұндағы кран тораптары пневмогидрожетегі бар шарлы крандарды қолдана отырып жасалған. Бұл жаңа АГТС-те SIEMENS маркалы жабдықтарын қолдана отырып, технологиялық процестерді толығымен автоматтандыруға мүмкіндік берді. Диспетчерлер станциядағы жағдайды күзет және бейнебақылау жүйесі арқылы басқара алады, ол станция учаскесі мен кран қондырғыларын қамтиды. 


Анықтама: Соңғы уақытқа дейін жұмыс істеп келген «Меркі» ГТС 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Оның 1980 жылдардағы өткізгіштік қабілеті сол кездегі ауданның қажеттіліктеріне бағдарланған және заман талаптарына сәйкес келмеді. Мысалы, ГТС паспорттық өткізгіштік қабілеті сағатына 10 000 м3 болғанда, қысқы мезгілінде аудандағы газдың нақты орташа тәуліктік шығыны сағатына 16 500 м3 құрады; ең жоғары кезеңде бұл көрсеткіш сағатына 20000 м3 жетуі мүмкін еді.

Барлығы Жамбыл облысының аумағы арқылы бірден бірнеше ірі газ құбырлары өтеді: Бұхара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы МГҚ (БГА-ТБА), Амангелді – КС-5 Тараз» МГҚ және «Қазақстан-Қытай» МГҚ.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз-қызметі

тел: 7(7172) 55 23 16

21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу