"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ҚАШАҒАНДАҒЫ ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
09.06.2021

 Баспасөз-релиз. Атырау облысы. 2021 жылғы 08 маусым. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында мұнай-газ химиясы және мұнай-газ машинасын жасау салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

Үкімет басшысы Қашаған кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысы – газ өңдеу зауытының құрылысын бастап берді. Құрылыс орнында символдық уақыт капсуласы салынды. Салтанатты шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Шәріпбаев, NCOC басшысы Оливье Лазар және «GPC Investment» ЖШС өкілдері қатысты.   

Кәсіпорынның өңдеу қуаты жылына 1 млрд м³ дейін шикі күкіртті газды құрайды, одан 815 млн м³ тауарлық газ және 119 мың тонна сұйытылған газ, 212 мың тонна күкірт және 35 мың тонна газ конденсаты өндірілетін болады. Оны 2023 жылғы 4 тоқсанда пайдалануға беру көзделген.

Екі жылдан кейін бұл Қашағанда мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 450 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жоба экономикалық дамудың өзекті мәселелерін – елді одан әрі газдандыру үшін ресурстық базаны кеңейтуді, газ өңдеу саласын дамытуды және экологияны қорғауды шешу жөніндегі Қазақстан Республикасының нысаналы саясатына сәйкес келеді.

Зауыт құрылысы бірқатар маңызды міндеттерді шешеді, өйткені газ Қашаған кен орнында мұнай өндіруді ұлғайтуды тежеуші фактор болып табылады. Қосымша қайта өңдеу мұнайды дайындау жөніндегі бос қуаттарды пайдалану үшін «Болашақ» МГКДҚ-дағы жүктемені және газ шектеулерін алып тастайды. Бұл НКОК Мердігер компанияларына ӨБК-нің келісімшарттық кезеңінде шамамен 8-10 млн.тонна мұнай өндірудің қосымша көлемін алуына мүмкіндік береді, газды қабатқа кері айдау көлемін азайтады.

Бұл іс-шаралардың барлығы Қашаған кен орнының шикізат базасын ұтымды пайдалануға және Атырау облысындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.  

Зауыт құрылысы кезеңінде 2500-ге дейін уақытша, ал пайдалану кезеңінде  – шамамен 600-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

 

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу