Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
03.11.2021. Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйлерді газдандыру жалғасуда. Бүгін мыңыншы тұтынушының үйіне «көгілдір отын» қосылды. Үйлеріне жылу мен шуақ келген тұрғындар газдың ең ыңғайлы отын екенін шынайы сезіне бастады.
– Жыл сайын көмір жағып, үйді жылытатынбыз. Күнде осылай шелек - шелек көмір тасыдық. Енді бізге газ келді. Газ мамандарына мың алғыс. Қазір бұл көмірдің керегі жоқ, – дейді Қызылкөл көшесіндегі үйдің иесі Қанат Бекібаев.
– Газ көмірге қарағанда әлдеқайда жақсы. Көмірдің иісі мен түтіні тұншықтырады. Енді күл шығарып, үйге отын әкелудің қажеті жоқ. 60 жылдан бері пеш жағып келемін. Бұл бейнеттен құтылғанымызға қуанып тұрмыз, – дейді зейнеткер Әлима Бекібаева.
Елорданы газдандыру жобасы бойынша Нұр-Сұлтанда газ тарату желілерінің құрылысы 2023 жылға дейін 3 кезеңге бөлінген. Бүгінде жалпы ұзындығы 413,32 км желілерді құрайтын 1-кезеңдегі құрылыстың 8 іске қосу кешені (ҚК) үшін газ құбырлары мен оның бойындағы құрылыстар пайдалануға берілді. ЖЭО-1, 2, 3-ке газ құбырлары тартылды, Теміржолшылар, Өндірістік, Көктал-1 тұрғын алаптарында ГТП орнатылды, Көктал-2, Өндірістік, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс т.а үйлерге газ құбыры тартылды. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тапсырысымен Интернационал, Мичурин және Күйгенжар тұрғын алаптарында 2-кезеңдегі желілердің құрылысы жүргізілуде. Жақын арада бұл аймақтарда газды іске қосу жоспарлануда.
- Жыл соңына дейін елорданың 14 мыңға жуық абоненті газға қол жеткізе алады. Елордалықтар үшін газ тұтыну жаңалық десек болады. Сондықтан газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі аса маңызды. Бастысы, газға қосылған соң да тұрғындар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаса дейміз. Әсіресе газ жабдықтары мен құрылғыларды өз бетінше орнатуға, жөндеуге болмайтынын еске саламыз. Бұл жұмыстармен тек арнайы мамандар айналысуы керек. Газдан уланудың ең көп оқиғасы мұржаның тартпауынан болады. Сондықтан мұржалардың талапқа сай болуына газ құрылғыларын пайдаланушылар ерекше мұқият қарау керек, - дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры Дәулет Арықбаев.
Бас қаланы газдандыру осыдан екі жыл бұрын басталып, қазіргі күні 9 мыңнан аса үйге газ құбыры тартылды. Әкімдікпен бірлесе атқарылып жатқан жұмыс кезең кезеңімен жүзеге асып отыр.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|