Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Алматыда 24-25 қарашада БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының аясында «Қазақстанда көлікті декарбонизациялауды қолдау» семинары өтуде. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС (Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы), «Жасыл Даму» АҚ және «Қазақстанның Газмоторлы Қауымдастығы» ЗТБ оның ұйымдастырушылары болып табылады.
ҚР Үкіметі Париж және Глазго саммиттерінде қойылған мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ БҰҰ-ның 2060 жылға қарай Парниктік газдар шығарындыларын дәйекті азайтуды және көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық үндеуін толық қолдайды. Бұл мақсатты біздің еліміз үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойды.
Бүгінгі күні бұл үдерістегі ең тиімді бағыттардың бірі бензин мен дизель отынын пайдаланудың орнына мемлекеттердің табиғи газға көшуі болды.
Қазақстанда мотор отыны ретінде табиғи газды пайдалануға көшудің негізгі алғышарты соңғы онжылдық ішінде мұнай өнімдерін өнеркәсіптік тұтынудың күрт өсуі болды. Көп жағдайда бұл көлік құралдарының паркінің ұлғаюымен және оның тозуымен байланысты. Болашақта дәстүрлі отын түрлерінің ықтимал тапшылығын болдырмау және Қазақстанның экологиясын зиянды қалдықтармен ластамау, сондай-ақ Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салуды неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру үшін табиғи газға мотор отыны нарығын әртараптандыру бойынша шешім қабылданды.
2018 жылы ҚР Үкіметі табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітетін қаулы қабылдады. Коронавирус пандемиясы және мұнай бағасының құлдырауымен байланысты әлемдік дағдарыс сияқты, бірақ көбінесе экономиканың газ және көлік салалары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл үйлестірілуінің бұзылуына байланысты бірқатар себептер бойынша, жоба толық көлемде іске асырылған жоқ.
Өткізілетін семинардың басты міндеттері - сығылған және сұйытылған табиғи газға ауыстыру арқылы Қазақстанда көлік секторын декарбонизациялау, сондай - ақ жолаушылар автобус паркін, темір жол локомотивтерін газдандыру бағдарламаларын іске асыруды қолдау, елде, әсіресе «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік бағытында мамандандырылған жанармай құю бекеттерінің құрылысын жандандыру.
Бұл үшін бұдан бұрын Үкімет қаулысымен бекітілген «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» қолданылу мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту қажет.
Іс-шара соңында мемлекеттік құрылымдар, ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар және жеке бизнес өкілдерінің бұрыштамаға қол қоюы жоспарлануда.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|