Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Вознесеновка және Достық ауылдарына көгілдір отынды қосты.
Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Әсет Әбіләшев қатысты. Жыл сайын ауылдық жерлердегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға қомақты қаражат бөлінеді. Ұлттық оператордың арқасында өңірдің барлық аудан орталықтары газдандырылды. Енді шалғай кенттер мен ауылдарды газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жоба аясында елдімекендерге «көгілдір отынды» жеткізетін 30 шақырымнан астам газ құбыры салынды. Екі елді мекендегі ішкі жерасты газ тарату желілерінің ұзындығы шамамен 16 км. Қазіргі уақытта үйлерге газ кіргізуге қажетті газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Газ жеткізілген екі ауылдың бірінде 148, екіншісінде 112 абонент бар, ал тұрғындардың жалпы саны 1300 адамды құрайды. Сондай-ақ, 9 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газға қосылуға дайын.
Оңдасын Оразалин – Ақтөбе облыс әкімі
- Өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға жыл сайын ауқымды қаржы бөлінеді. Бұған дейін барлық аудан орталықтарын газдандырдық. Вознесеновка ауылына дейін жол салдық. Енді міне газ жүргіздік. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғаса береді.
Әсет Әбіләшев - "ҚазТрансГаз Аймақ"АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры:
- Қазіргі уақытта облыс бойынша газдандыру көрсеткіші 92,5 пайызға жетті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді. Газ – тұрмыста пайдалану үшін өте ыңғайлы отын. Бірақ қауіпсіздік туралы еш ұмытуға болмайды. Мұржаны уақытында тазалап, пештің түтін тартқыштығын үнемі тексеріп отыру керек. Газ жабдықтарын өздігінен жөндеуге, тасымалдауға болмайды. Міне, осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз – өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріне қауып төнбейді, үйіңізге жылу мен жайлылық орнайды.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі
Тел: 7(7172)-55 89 60
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|