Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
30.11.2021. ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 852 Қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ-ға Ұлттық компания мәртебесі берілді. Тиісті толықтыру «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілді. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің № 853 Қаулысымен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
Бұған қоса, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 278-бабының 8-тармағына сәйкес ҚР Үкіметі жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекітті. Осы құжатқа сәйкес, ҚазТрансГазға газ және газ конденсатты кен орындарында барлау және өндіру бойынша басымды құқық берілді.
Осылайша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚазТрансГазды толыққанды тігінен интеграцияланған компанияға айналдыру туралы тапсырмасы орындалды. Дербес ұлттық газ компаниясына берілген мәртебе «ҚазТрансГаз» АҚ-ға үлкен перспективалар ашады.
Бұл Қазақстанның газ саласы үшін маңызды тарихи сәттердің бірі. «ҚазТрансГаз» тәуелсіздік жылдары Орталық Азиядағы газ ағындарының маңызды әрі технологиялық ең қуатты операторына айналды. Көгілдір отын, жылу мен жайлылық 9 миллионнан астам қазақстандықтың үйлеріне жетті, шамамен 50 мыңға жуық кәсіпорын табиғи газды пайдаланады. Бұл газ мамандарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі.
Жақын арада компанияның шешуі қажет негізгі міндеттер - бұл газдың ресурстық базасын арттыру, тауарлық газ өндірісін ынталандыру, қолданыстағы және жаңа кен орындарында геологиялық барлау және газ өндіру. Сонымен қатар елдің газ тасымалдау және газ тарату инфрақұрылымын модернизациялау күн тәртібіндегі мәселе болып табылады.
«ҚазТрансГаз» АҚ ҰК Баспасөз қызметі
Байланыс тел: 7(7172) 55 23 16
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|