"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ТАУАРЛЫҚ ГАЗҒА БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЖАСАЛУДА
15.02.2022

 Газ саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу жалғасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және газ саласындағы ұлттық оператормен бірлесіп, саланы «қайта жүктеуге» бағытталған Газ саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуде. Кешенді жоспардың жобасы мынадай іс-шаралар қамтиды.

Бірінші - геологиялық барлау мен жаңа және де қолданыстағы кен орындарында газ өндірудің жаңа жобалардың есебінен газдың ресурстық базасын ұлғайту. Газ ресурстарын ұлғайту үшін барлық кезеңдерде газ жобалары үшін преференциялар және жеткізуші инфрақұрылымды салу қажет. Бұдан басқа, жер қойнауын пайдаланушылар үшін ынталандыру бағасын беру, сондай-ақ газ айдау бағдарламалардың орындылығын қайта қарау мәселелері пысықталуда», - деді министр.

Екіншіден, министрлік газға баға белгілеудің жаңа моделі бойынша жұмыс жүргізеді. Аталған модельде қазақстандық газ ресурстарының шектеулілігі және коммерциялық тұтынушыларға бағаның нарықтық бағалар деңгейіне көтерілуі назарға алынуы тиіс.

«Үшіншіден, негізгі газ тасымалдау инфрақұрылымы кеңес заманында салынған және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін ауқымды күрделі қаржы салымын қажет етеді. Газ тасымалдау инфрақұрылымының жай-күйіне техникалық аудит жүргізу, сондай-ақ қаржыландыру көздері мен инвестицияларды қайтару тетіктерін айқындау керек.

Төртіншіден, тұрақты газдандыруды жалғастыру үшін Газдандырудың Бас схемасы өзектендірілетін болады және газдандыру нысандарын ұлттық оператордың балансына беру бойынша қағидалар оңайлатылады.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қабылдаудың арқасында 2030 жылға қарай:

  • тауарлық газ өндірісін 42 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға;
  • газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға;
  • халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, баға белгілеудің қажетті моделін енгізуге;
  • елдің газдандыру деңгейін 65 пайызға дейін ұлғайтуға қол жеткізіледі деп жоспарлануда.
23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу