![]() | Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
![]() | Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
![]() | Көшеров Даир Әділбекұлы |
![]() | Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
![]() | Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
![]() | Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Басқарма Төрағасының әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі орынбасары болып Ақбар Төлегенов тағайындалды. Ұлыбританияда жоғары білім алған, Warwick Business School, University of Warwick бітірген, менеджментте ғылым бакалавры, маркетинг пен стратегияда ғылым магистрі, МВА дәрежесі бар. Қаржы ұйымдарында, телекоммуникация саласында, сондай-ақ мұнай-газ секторының компанияларында үлкен басшылық тәжірибесі бар.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ Басқарма Төрағасы (Бас директоры) болып Манас Тасыбаев тағайындалды. Жоғары білімді Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында инженер-құрылысшы мамандығы бойынша алған. Оның отандық газ тасымалдау саласында елеулі тәжірибесі бар. Бес жылдан астам уақыт бойы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры қызметін атқарып, ел өңірлерін газдандыруға елеулі үлес қосты. Атырау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының құрылымына кіретін «QazaqGaz Qurylys» ЖШС Бас директоры лауазымын атқарды.
Сонымен қатар «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры (Басқарма Төрағасы) болып Ернар Құлқыбаев тағайындалды. Оның бизнес құрылымдар мен өндірістік кәсіпорындарды басқару бойынша 30 жылдық тәжірибесі бар. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
24.02.2025
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЭМИССИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША КӨШБАСШЫ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
|
22.11.2024
«ТАЛДЫҚОРҒАН-ҮШАРАЛ» ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Әрі қарай оқу
|
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|