"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ 2021 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ
04.03.2022

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Бахтияр Ізбасаров еңбек ұжымына компанияның 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.

Есептік кезеңде газ тасымалдау көлемдерінің бөлігінде өндірістік бағдарламаның орындалуы 59 083 млн. м³ жоспар кезінде 65 169 млн. м³ құрады немесе жоспар 110%-ға орындалды.

Газ тасымалдау бағыттарының бөлігінде орындау былайша қалыптасты: - есептік кезеңде газды ішкі нарыққа тасымалдау бойынша жоспардың орындалуы 105% құрады; - газ экспорты бойынша 3 407 млн. м3 немесе жоспарға 29% жоспардың орындалмауы байқалады; - халықаралық газ транзиті бойынша жоспардың орындалуы 127%-ды құрайды. ТКЖ көрсеткіші 9 461 млрд.м3*км немесе жоспарға 120% құрады, бұл газ тасымалдау көлемінің төмендеуіне және неғұрлым ұзын учаскелер бойынша тасымалдауға байланысты.

Магистральдық газ құбырлары объектілеріндегі және ЖАГҚ-дағы негізгі және қосалқы жабдықтарды 2021 жылға жоспарланған күрделі жөндеу толық көлемде орындалды.

Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар шеңберінде 2021 жылы 10 422 оқытулар өтті, оның ішінде 8 666-сы онлайн форматта өтті.

Онлайн оқытудың 2021 жылғы өсуі 2020 жылғымен салыстырғанда 2,4% құрады. Іссапар шығындарын үнемдеу әсері өңірлердегі жыл сайын 2000-нан астам қызметкерлер оқытылатын қосымша оқу кластарын жабудың есебінен 25%-ды құрады.

Компанияның кадрлық резервін дайындау бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Осы бағдарлама шеңберінде тәлімгерлік бойынша жұмыстар, резервтегілерді МГҚ, КС учаскелеріндегі маңызды өндірістік жұмыстарға жіберу, филиалдардың аппаратында және Орталық аппаратта тағылымдамадан өту, жеке Оқу-курстық комбинатында, сондай-ақ сыртқы оқу орталықтарында оқыту іс-шараларына резервтегілердің қатысуы ұйымдастырылды.

2021 жылы мерзімдік аттестаттау жүргізіліп, одан компанияның 2 264 қызметкері сәтті өтті. Аттестаттау 2 кезеңде жүргізілді: кәсіби білімін бағалауға арналған тестілеу және әңгімелесу. Кәсіби білімін бағалауға арналған тестілеуді «Оқу-курстық комбинат» филиалы өткізді.

Жұмыс істеп тұрған «Жас маман» бағдарламасы бойынша оқуға гранттар беру шеңберінде «Атырау мұнай-газ университеті» ҰАҚ-пен кадрларды даярлау жүйесінде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды, онда 2022 жылы 200-ден астам оқытылатын студеннттерді жіберу жоспарлануда, олар компанияның өндірістік объектілерінде өндірістік практикадан өткізілетін болады. Оқу аяқталғаннан кейін бұл студенттер ИОА филиалдарында конкурстық негізде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Кадрлық саясатты орындау үшін, сондай-ақ компания қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, қауіпсіз еңбек әдістері мен тәсілдерін анықтау, жұмысшы кәсібінің беделін арттыру мақсатында, жыл сайынғы «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Іс-шара 15 жұмысшы кәсіптерінің басын қосты әрі газ тасымалдау жүйесін апатсыз жұмыспен және жоғары техникалық сенімділікпен қамтамасыз етуге қызметкерлердің материалдық және моральдық мүдделілігін күшейтуге ықпал етті. Конкурс қорытындысы бойынша 15 қызметкер 1-орынды, 14 қызметкер 2-орынды және 11 қызметкер 3-орынды иеленді. Жеңімпаздарға материалдық көтермелеу және лауазымдық айлықақысына жыл бойына үстеме ақы төленетін болды.

Бахтияр Ізбасаров өз сөзінде өткен жылы компания қызметкерлердің алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындағанын, жалақы мен сыйлықақы төлеуден бөлек өндірістік көрсеткіштерді орындағаны үшін: қызметкерлерге материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік кепілдіктер, өтемақы төлемдері, біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар төлеу уақытылы жүзеге асырылғанын атап өтті.

Одан басқа, ИОА-да 2021 жылы еңбек ұжымымен жыл сайынғы кездесулер өткізу нәтижесінде қызметкерлердің жалақыларының деңгейін қайта қарау қажеттілігі туындады. Мысалы, 2021 жылдың екінші жарты жылдығында еңбекке төлем деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 2021 жылдың желтоқсанында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізумен жалақыны 30%-ға арттыру бекітілді.

Әлеуметтік бағдарлама шеңберінде, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап науқастанған жағдайда ерікті медициналық сақтандыру туралы шарт жасалды, бұл қызметкерлер мен оның отбасы мүшелері үшін қолайлы жағдайларда жоғары сапалы медициналық көмек алу және ең заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, ем қабылдауға және қымбат тұратын диагностика түрлерін пайдалануға мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді 2021 жылдың қорытындылары бойынша 8 194 қызметкер сақтандырылды.

Салауатты өмір салтын, дене тәрбиесі мен спортты, белсенді демалыс пен қызметкердің денсаулығын нығайтуды насихаттау мақсатында, компания спортпен шұғылдануға барлық жағдайларды жасап отыр, жыл сайын санаторлық-курорттық ем қабылдауға жеңілдікпен жолдамалар беріледі.

2021 жылы карантиндік шаралар мен шектеулердің, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жеңілдетілуіне байланысты, компания қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері санаторлық-курорттық сауықтыруға мүмкіндік алды. Бұл ретте санаториялар мен курорттық аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары сақталды.

2021 жылы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шеңберінде компания Каспий теңізі жағалауындағы «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде мүгедек балалары бар 208 қызметкерлерге демалыс ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде мынадай іс-шаралар болып өтті:

1) Қызметкерлердің балалары арасында «Тәуелсіздік балалардың көзімен» суреттер байқауы;

2) «Тәуелсіздікке тарту» балалар шығармашылығының онлайн байқауы;

3) проект «Мейірім сыйла» жобасы шеңберінде қызметкерлер өз күштерімен мүгедек балаларға арналған шағын концерттер ұйымдастырды;

4) спорттың түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер.

Жастар саясаты

Коронавирус пандемиясына қарамастан 2021 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалдарының жас қызметкерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ корпоративтік еріктілерімен және жергілікті атқарушы басқару органдарымен (әкімдіктер) бірлесіп сенбіліктер, түрлі экологиялық акциялар өткізді және қарт адамдарға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ақын әрі ойшыл Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында бейнероликтер эстафетасы ұйымдастырылды, онда жас қызметкерлер Абайдың шығармаларын (әндер, өлеңдер, қара сөздер және т.б.) орындады.

2021 жылдың желтоқсан айында жас қызметкерлер жеке қаражаты есебінен «Тілектер ағашы» қайырымдылық акциясын өткізді. Осы жоба аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары, сондай-ақ «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен №1 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Аяз Атаға жазған хаттарда сұраған сыйлықтарын алды. Қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек және қолдау көрсету, өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау және балалық шақ проблемаларына назар аудару.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

2021 жылғы күрделі эпидемиологиялық жағдайларда «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның басым міндеттері қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, санитарлық нормалар мен қағидаларды сақтау, сондай-ақ эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізу болып қала берді. Технологиялық процестердің үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызметкердердің денсаулығы мен өмірін қорғау үшін компания пандемияға қарсы тұру және COVID-19 ауруын азайту бойынша кең ауқымды шараларды жүзеге асырды. Барлық іс-шаралар, жоспарлар мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына сәйкес жедел түзетіліп, өзектендірілді.

Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының басталуымен компания қызметкерлер арасында сырқаттану қаупін азайту үшін барлық алдын алу шараларын қабылдады:

1) қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету ұйымдастырылған;

2) персоналмен жұмыс жүргізілді, карантиндік режим мен мінез-құлық қағидаларының ерекшеліктері туралы хабардар етілді, технологиялық процестерге тартылмаған қызметкерлер уақтылы қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды;

3) барлық бөлімшелерде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілді;

4) жұқтыру қаупін төмендету бойынша тосқауыл шаралар ретінде мынадай іс-шаралар жүргізілді: байланыссыз бейнетермометрия, «Ashyq» жүйесі арқылы рұқсат беру немесе кәсіпорындардың кіру топтарында ПТР-тестілеу ұйымдастырылды;

5) дезинфекциялау құралдарының, ЖҚҚ-ның азаймайтын қоры құрылды;

6) персонал жұмыс орындарында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз етті;

7) қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау бойынша науқаны жүргізілді. 31.12.2021 ж. қызметкерлердің вакцинациялау пайызы 95% - дан асты;

8) карантиндік аймақтар жайластырылды;

9) қызметкерлерде COVID-19 анықталған жағдайда Іс-қимыл алгоритмдері, шұғыл ден қою жоспарлары мен схемалары және т.б. әзірленді.

COVID-19 алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыс персоналдар арасында аурудың деңгейін төмендетіп, компанияның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, өндірістік қуаттылықты сақтап қалды.

Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және кәсіптік және кәсіптік-негізделген аурулардың алдын алу шеңберінде 2021 жылы өндірістік бөлімшелер қызметкерлерінің мерзімді медициналық тексеруден өтуі 100% қамтамасыз етілді.

Уақытша/тұрақты кәсіби жарамсыз топқа жататын қызметкерлер еңбек жағдайларын бағалауды (жұмыс орындарын аттестаттау негізінде) және лауазымдық міндеттерін, сондай-ақ алынған емдеуден кейін денсаулық жағдайының оң динамикасын ескере отырып, кәсіби жарамдылық туралы мәселені қайта қарауға жіберілді. Кәсіби жарамды мәртебесі бар жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша мамандығы бойынша жұмысқа жіберілді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасын сақтау мақсатында ИОА-да Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылды.

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес ИОА еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қызметі еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын алу және қызметкерлердің денсаулығын сақтау талаптарын қамтамасыз ету саласында жұмыс берушінің, қызметкерлердің, компания қызметкерлері кәсіптік одағының (Кәсіподақ) бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

Компанияның өндірістік филиалдары қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша қызметті ерікті декларациялаудан өтті және «Сенім сертификатының» иегерлері болып табылады. Бұл сертификат «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның еңбек заңнамасының талаптарын сақтай отырып, еңбекті қорғау саласындағы жүйелі жұмысын растайды.

Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша Бас директордың бірінші орынбасары Бахтияр Ізбасаров ұжымға ұйымшылдығы, кәсібилігі, адалдығы, креативтілігі және үздік өндірістік көрсеткіштері үшін алғысын білдірді.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу